АЙГҮЛ ОРЫНБЕК: «ҚАЗАҚ ЭЙР» — ҚАЗАҚТАРДЫ АҚШАДАН АЙЫРАТЫН КОМПАНИЯ!»

1267
Adym.kz: «Қазақ эйр» — қазақтарды ақшадан айыратын компания!, деп мәлімдеді белгілі заңгер Айгүл Орынбек.
«Рейс белгіленген уақытынан кешігеді» деп хат келді. «Билетті қайтарамын, мен сот процесіне үлгеруім керек», десем, «қызмет үшін пайыз ұстаймыз», дейді оператор. «Қандай қызмет ақысы? Рейс кешігіп тұр, маған толық қаражатты қайтарыңыз», деп түсіндіре алмай әлек болдым оператор қызға. Сөйтсем, басшылыққа хатпен шығуым керек екен. «Онда телефон әңгімелері не үшін жазылады, осыны тыңдата салыңыз» десем, телефон тұтқасын тастай салды. Технологиясы дамыған заманда біз әлі қағаз бастылықтан арыла алмай жүрміз! Халықтан ақша жеуге шеберміз. Әуе компаниясының ережелерін оқып шықтым. Оператор қыздың айтқанындай ережеде ешқандай қосымша ақы жазылмаған», деп хабарлады тәуелсіз заңгер.
Мәселенің мән-жайын толық жазған қоғам белсендісі рейстің кешіккені үшін халық кінәлі еместігін айтып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін аталған компанияға тексеру жұмыстарын жүргізуге шақырды.