ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ЭСТОНИЯ ТӨРІНДЕ ШЫРҚАЛДЫ

2558

Adym.kz: Эстонияның Таллин қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының әншілері XX ғасырдың әлемге әйгілі опера солисті Георг Отс атындағы «Sõprus -2018» фестивалінің гала-концертіне  қатысып, ән шырқады.
Қазақстандық делегаттар Таллиндегі Қазақ қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен концертте Абай, Шәмші әндері мен қазақтың дәстүрлі және классикалық бағыттағы шығармаларын орындаған.
Айта кетсек,  17-24 наурыз аралығында Финляндия Республикасының Хельсинки қаласында өткен «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық ортаазиялық фестиваліне Қазақстанның атынан қатысу үшін оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары аттанған болатын.
Аталған елдің бірқатар қалаларын аралап өнер көрсеткен жерлестеріміз Швециядағы қазақ ұлттық мəдени орталығының мерекелік думанына да қатысты.