САМСА МЕН ЛАҒМАНҒА ЕСЕК ЕТІН ҚОСЫП САТҚАН

2678

Adym.kz: Қоғамдық тамақтану орындарына есектің етін жеткізіп беріп отырған қылмыстық топ ұсталды.
Бұл туралы Өзбекстанның Ферғана облысына қарасты Куштепе аудандық әкімшілігі мен аудандық Бас прокуратурасы хабар таратты.
Есек еті Куштепедегі жекеменшік үйлердің бірінде дайындалып, Ферғана қаласындағы және Ташлак ауданындағы самса, лағман даярлайтын орындарға жеткізіліп отырған.
Жергілікті тұрғындар түн ортасында есектердің ақырғанына наразылық білдіріп, құқық қорғау органдарына шағымданған. Осы бойынша аталған жеке үй тексеріліп, ол жерде есектерді сойып, етін дайындайтындығы анықталған.
Төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың есек етін сатумен қашаннан бері айналысып келгендігі әзірге белгісіз. Олардың үстінен Өзбекстан республикасы Қылмыстық кодексінің 186-1 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі кезде Ферғанадағы және Ташлактағы күдікті деген асханалар да тесеріле бастады.