«ҚАЗТРАНСГАЗ» ШЕТЕЛДЕГІ КӘСІПОРНЫН 40 МЛН ДОЛЛАРҒА САТПАҚШЫ

Adym.kz: «ҚазТрансГаз» (ҚТГ) Тбилисидегі грузиялық өндірістік тобының холдингіне өзінің еншілес кәсіпорнын 40 млн долларға сатпақшы.
KASE ақпараты бойынша, құжатта ҚТГ директорлар кеңесі төрелік дауды реттеу аясында «ҚазТрансГаз-Тбилиси» (ҚТГ-T) компаниясының 100 пайыз акциясын сатуды жүзеге асыруға кіріскен.
Естеріңізге салар болсақ, еншілес құрылымды сату бойынша келіссөздер 2009 жылдан бері жалғасып келеді. Сонымен қатар, қазақстандық тарап Қазақстан құйған инвестицияларды өтеу шартымен «ҚТГ-Т-ді» сата алатындығын және еншілес құрылымының несиесін қаржыландыруды ұсынғанын мәлімдеді.