ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1098

Adym.kz: Бүгін Шымкент қаласы әкімі Нұрлан Сауранбаевтың өкімімен Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте Мәуленқұлов құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары мәселелеріне жауапты.
Ол 1977 жылдың 22 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000-2001 жылдары Атыраудағы Каспий экологиялық прокуратурасында прокурор көмекшісі болып бастаған.
2002-2007 жылдар аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратының кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, бас консультанты болып қызмет атқарған. 2007-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратының бірнеше бөлімдерінде басшылық қызметінде болды.
2016 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарды. Ал, Қаратау ауданы әкімінің міндетін уақытша атқару  Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреевке тапсырылды.