НАУРЫЗ ТОЙЫН ФИНЛЯНДИЯДАДА АТАП ӨТПЕК

"17-24 наурыз аралығында Финляндияның Хельсинки қаласында өтетін «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық ортаазиялық фестиваліне Қазақстанның атынан қатысу үшін оңтүстікқазақстандық бір топ өнерпаздар аттанды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.

Фин елінің астанасы әрі ең ірі қаласы — Хельсинкиде еліміздің өнер сәлемін арқалай барған делегаттарды Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі қабылдап, құрмет көрсетті.
Аталған делегация құрамында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов, облыстық опера және балет театрының солистері  Ерлан Жандарбай, Үрәлхан Сейлбекова,  Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония артисі Ұлбала Ермұхаметова, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мұратбай Нұрмағанбетовтер бар.
Алдағы уақытта жерлестеріміз шетелдегі қандастарымызға ұлттық өнерді паш етіп, әз Наурыз мерекесін бірге тойлауға арналған концерттік бағдарламалар ұсынады.