ТҰҚЫМБАҚТАРДАН 2 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

611

Adym.kz: Оңтүстікте көгалдандыру жұмыстары жыл сайын қарқын алып келеді. Биыл облыстағы тұқымбақтардан 2 миллионға жуық көшет тегін беріледі, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, өңірде облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойына 100 мыңға жуық көшет отырғызалады. Қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Оңтүстік жолдары» кәсіпорнының тарапынан жолдар бойына 9 мыңға жуық көшет отырғызылды.
Сондай-ақ, басқарманың ұйытқы болуымен алдағы уақытта қосымша 10 мыңнан астам көшет егілетін болады. Осылайша Шымкент, Арыс, Түркістан қалалары мен барлық аудандардағы жол жағасы болашақта жасыл желек жамылады.