ОҚО: БИЫЛ «ӘЗ НАУРЫЗ» ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ЕТЕГІНДЕ ӨТЕДІ

Adym.kz: Бүгін, Қазығұрт ауданына қарасты “Қазығұрт-Кеме қалған” киелі орнында ағаш отырғызу шарасы өтті. Көктемнің алғашқы айында ұйымдастырлған көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына оңтүстіктің белсенді, ерікті жастары өз үлестерін қосты.

Республика бойынша алғаш рет қолға алынған іс-шараның ерекшелілігі — киелі орындарды көркейтумен қатар, зиярат етуге лайықты жағдай жасау.
Аталған мерекелік думанға 1000-ға жуық еріктілер қатысып, «Кеме қалған» аумағына 1300-ге тарта  ағаш көшеттерін отырғызды.
Сонымен қатар, белсенді жастар жыл басы Наурыздың дәмді асы — наурыз көжеден дәм татып, ұлттық жөн-жоралғыларды тамашалады.
Айта кетерлігі, биыл Оңтүстік Қазақстан облысының  Наурыз мейрамы  тіршілік көзі бастау алған киелі Қазығұрт тауының етегінде өтеді.