САИДИКРАМ НИЯЗХОЖАЕВ — ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Adym.kz: Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшісі Саидикрам Ниязхожаев 10 наурыз күні Астанаға келді, — деп хабарлайды gazeta.uz сайты.
Саидикрам Ниязхожаев 1965 жылы туған. Ташкент политехникалық институтының «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдаған.
Бұл тағайындауға дейін ол 2015 жылдан бастап сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. СІМ-ге дейін президент аппаратында, үкімет құрылымдарында мемлекеттік кеңесшінің орынбасары және экономика министрінің орынбасары сияқты жауапты қызметтерде болған.
Ал бұған дейін Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Икром Назаров болған еді.