«ДИМАШТАНУ» МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗІЛДІ

Adym.kz: Қытай мектептеріндегі ағылшын тілі пәні тест жұмыстарына Димаш Құдайбергенов туралы сұрақтар енгізілді. Аталған тест сұрақтары түсірілген фото инстаграм әлеуметтік желісінде таралған.
@zhongxindeying атты қолданушының жеке  парақшасында жарияланған бұл сурет қызу пікірталас тудырды.
Онда, «Бұл тест сұрақтарын дайындаған ұстаз Димаштың фанаты (Dear) шығар», — деген пікірлер айтылған.
Мәтінде Димаштың жасы, туған жері, ата-анасы туралы ақпараттар бар.
Сонымен қатар, оның «I Am A Singer 2017» байқауына қатысып, қытайлық жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленгені туралы жазылған. Көрсетілген мәліметтерден кейін оқушыларға Димаш туралы бірнеше сұрақтар қойылған.
Тіпті, «Наурыз» мерекесін қазақ ұлты жыл басы — Жаңа жыл ретінде атап өтетіндігі туралы де жазылған.