Аталған жоба Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылып отыр.
Қаңтардан бастап іске қосылған бірегей жобаға ақпараттық технологиялар саласының ізденушілері мен өзіне сенімді, талапшыл, өзгеше ойлау қабілетіне ие жастар көптеп тартылуда.
Жоба басталғалы 700-ге жуық жас өтінім білдіріп, кезең-кезеңімен білімін шыңдауда. Жыл соңына дейін қатысушы жастар әзірлеген заманауи 10 үздік жоба іріктеліп, іске қосылмақ.
ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР «IT ПАРКТЕ» ТЕГІН ОҚИДЫ
Adym.kz: Шымкентте 14-29 жас аралығындағы кез-келген жас ақысыз, ақпараттық техологияның қыр-сырымен танысып, өз жобаларын әзірлеп, жүзеге асыра алады. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында «IT PARK» жас программистер мектебі өз жұмысын бастады.