МЕРЕКЕДЕ ТҮРКІМЕНСТАНДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІ

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдегі әйелдер қауымына 40 манаттан сыйлық үлестірмек.

Түркіменстандағы орташа жалақы 650 манатқа, яғни 200 АҚШ долларына тең. Бұл дегеніміз бөлінген сыйақы орташа айлықтың 7 пайызына пара-пар. Айта кетсек, Түркіменстандағы халықтың тең жарымынан астамы әйелдер.
Ал, бұл қаржыны ұлттық валютамызға шаққанда сыйақы көлемі 3 жарым мың теңгеге жуықтайды.
“Әмбебап өнерпаз һәм әнші” Президенттің шарапатына бөленетіндердің арасында өндіріс пен мекеме қызметкерлері, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы алатындар, аспиранттар, студенттер, балабақша тәрбиеленушілер мен оқушылар бар.