БОЗЫМБАЕВТЫҢ БАСЫНА ҚАРА БҰЛТ ТӨНДІ МЕ?

Adym.kz: “Қазақстан Энергетика вице-министрі Ғани Садыбеков пен тағы бірнеше адам қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды”, — деп хабарлайлы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
«Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б.Қадырберлин қатысқан. Ұлттық бюроның мәліметінше, Сәдібеков қол қойған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігі 2017 жылы көлемі бірнеше есе арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төленген. Аталған қаражаттың 1 млрд теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған. Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуының жолы кесілді. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов пен Қадырберлин ұсталған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Кісенделген шенеунік аса белсенді тұлға емес. Алайда, Бозымбаевтың сенімді кадры деуге негіз бар.  Ол министрлікке 2016 жылы Бозымбаевпен бірге келген. Мұның алдында да екеуі Жамбыл облысының әкімдігінде бірге қызмет атқарған. Әрі Бозымбаев Павлодар облысының әкімі атанған тұста Сәдібеков оның орынбасары болған. Ал, министрлікте экология мәселесіне жауапты-тұғын.
Өткен жылдың қазан айында елдегі бензин тапшылығы үшін мемлекет басшысынан сөгіс алған Қанат Бозымбаевтың тәртіптік жазасы осы аптада ғана Президенттің өкімімен алынып тасталған еді. Ал, енді бүгін қарамағындағы лауазымды тұлғалардың парамен ұсталуы министрге одан да зор соққы болары анық.
Қазір таңда, министрлікте жемқорлық дауынан соң қызметтік тексеру жүріп жатыр.