2000 АДАМ СИЯТЫН КИІЗ ҮЙ ТУРИСТЕРДІ ҚЫЗЫҚТЫРА ТҮСУДЕ

2636

Әлемдегі ең биік киіз үйдің қайда екендігін білесіз бе?
Осыдан үш жыл бұрын Қытайдағы “Қазақ кестесінің мекені” атанған Санжы хуйзу (дүңген) автономиялы облысына қарасты Мори қазақ автономиялы ауданында әлемдегі ең үлкен киіз үй тұрғызылып, алып сырмақ тігілген болатын.
Бүгінде сол “Көшпенділер баспанасы” туристердің қызыға тамашалайтын мекеніне айналған. Далалық экзотика іздеген саяхатшылар бұл киіз үйлерде түркілердің өмір салтын, тұрмыс тіршілігін танып білген.
Осылайша, аудан экономикасына туризм арқылы түскен табыс күн өткен сайын еселене түсуде.
Қысқаша дерек:
Шыңжаңның Мори ауданында тігілген киіз үйдің жалпы көлемі 1175 m², биіктігі 18,5 метр болып, күлдіреуіштен басқұрға дейін 13,5 метрді құраған. Керегесінің биіктігі 5 метр, уықтың ұзындығы 6 метр болған алып қазақы үйдың шаңырағының диаметрі 8,5 метр.
Ал, таза ағаштан жасалған киіз үйдің төріне салынған сырмақтың диаметрі 32 метр, айналма ұзындығы 101 метр ұзындықта болып жалпы көлемі 803,8 m²-ді құраған. Оған 2000 адам малдас құрып отыруға болады екен.
Мори аудандық үкіметінің қолдауымен сондағы «Меруерт» кестешілік кооперативі шеберлерінің қолынан шыққан киіз үй мен сырмақты дайындауға 5 млн. юаннан (шамамен 850 мың АҚШ доллары) аса қаражат жұмсалған. Сырмақты тігуге 32 адам 3 ай уақыт жұмсаған.