Ж.Түймебаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуын тексерді

0
163

Шымкент қаласының орталығында орналасқан кәсіпорындарды шаһар маңына көшіріп, сауда айналымын жақсарту мақсатында аймақаралық əріптестікті нығайту керектігін айтты. Сондай-ақ, ол осы мәселе жөнінде Үкіметке «Шымкент сауда-көрме орталығын» құру идеясын ұсынғанын жеткізді atorvastatin 20 mg.

Өнеркәсіп орындарымен танысу кезінде Жансейіт Қансейітұлы «Бөрте Милка» сүт тауарлы фермасында болды. Жыл басында ашылған шаруашылықта асыл тұқымды сүтті бағыттағы «Гольштейн» тұқымынан қазіргі таңда 272 бас сауын сиыр бар. Күніне 30 литрге дейін сүт беретін фермада жылына 6-7 мың литр ағарған алу көзделуде. Ол үшін таяуда тағы да 200-ден астам ірі қара әкелу жоспарлануда. Сүт тауарлы ферманың барлық жабдықтары швейцариялық құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Сапар барысында облыс әкімі аумағы 112 га болатын сауда-логистикалық орталығында болды. Бұл орталықта шаршы метрі 242,5 мың  құрайтын  8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізіне қосатын жол, темір жол тұйығы, қуаттылығы 10 МВт болатын электр стансасы, орталықтандырылған газ және су құбырларының құрылыстары жүргізілген.

Заманауи кешендегі салынып жатқан құрылыстардың жұмысымен танысқан аймақ басшысы сауда-логистикалық орталығы ауыл шаруашылығына бейімделген Оңтүстік өңірінің экономикасына оң ыпқалын тигізіп,  облыс өнімін дүниежүзілік нарыққа шығаруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, тиісті мекеме басшыларына аталған орталықтың аумағын  ұлғайтуды жүктеді.

Пікір қосу

Please enter your comment!
Please enter your name here