
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және оларды қоғамға бейімдеуге көмек көрсету болды.
Кездесу барысында құқықтық мәдениеттің маңыздылығы жан-жақты талқыланып, заң талаптарын сақтаудың және құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтардың әлеуметтік ортаға толық бейімделуіне ықпал ететін практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Пробация есебінде тұрған қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі толық жауаптар алды. Бұл түсіндірме жұмыстары құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінулеріне көмектеседі.
Түркістандағы осындай шаралар құқықтық тәртіп пен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады
Түркістан қаласында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында пробация есебінде тұрған азаматтарға арнап «Заң мен тәртіп» тақырыбында құқықтық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және оларды қоғамға бейімдеуге көмек көрсету болды.
Кездесу барысында құқықтық мәдениеттің маңыздылығы жан-жақты талқыланып, заң талаптарын сақтаудың және құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтардың әлеуметтік ортаға толық бейімделуіне ықпал ететін практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Пробация есебінде тұрған қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі толық жауаптар алды. Бұл түсіндірме жұмыстары құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінулеріне көмектеседі.
Түркістандағы осындай шаралар құқықтық тәртіп пен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

