Облыстың су айдындарында төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту жөніндегі іс-шаралар кешені алдын ала басталды. Ағымдағы жылы шомылу үшін 12 рұқсат етілген, оның ішінде 3 коммуналдық және 9 жеке жағажай шомылу орны анықталды. Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүзуді үйрету мақсатында, облыс бойынша 4 жабық және 37 рамалық-модульді бассейндер жұмыс жасады.
1 маусым мен 31 тамыз аралығында апта сайын жұма күндері Орал қаласының «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық жағажайында «Ашық аспан астындағы қауіпсіздік мектебі» жұмыс жасады, оның аясында 2 мыңнан астам адам оқыды.
Өткен жылмен салыстырғанда адамдардың қаза болуы 14%-ға төмендеді. 2024 жылғы шомылу кезеңінде 12 адам суға батып кетті, оның ішінде 6 бала.
ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауды, төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салады.
Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жанат Асылбеков су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайтуға бағытталған жұмыстың қорытындылары туралы айтып берді.
Өңірде ауқымды үгіт-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, жаңа әдістер мен техникалық құралдар қолданылды. Алайда, бұған қарамастан, жазатайым оқиғалар орын алды. Өңірдің су айдындарында шомылу маусымы кезінде 12 адам қаза тапты.
Су қоймасында адамдардың өлімінің негізгі себептері мас күйінде шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, өз күштерін жете бағаламау және жүзе алмау.
Шомылу маусымының аяқталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталды. Облыста рейдтік алдын алу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Аңшылық және балық аулау құралдарын сататын кәсіпкерлермен тығыз өзара іс-қимыл жүргізіледі. Сауда орындарында жадынамалар таратылады, мессенджерлерде топтар құрылады, онда қауіпсіздік ережелері туралы хабарлау жүргізіледі.
Биылғы шомылу маусымында құтқарушылардың жұмысының арқасында 33 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың арқасында ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда суға батқандар саны азайды.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлығы 39 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2024 жылғы шомылу маусымы аяқталғанымен, су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, өйткені алда аң аулау және балық аулау маусымы күтіп тұр.
Осыған байланысты Жетісу облысының құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмау керектігін ескертеді, себебі бұл Сіздің өміріңізге шығын әкелуі мүмкін.
Ұлытау облысы ӨКҚ алаңында шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг өткізілді. Елімізде дәстүр бойынша шомылу кезеңі 1 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. ТЖ департаменті су айдындарында тәулік бойы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстардың барлық кешенін ұйымдастырды.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тұрақты негізде ЖАО, Прокуратура, ДП, БАҚ және ЖӘАЖ қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың су айдындарына 1654 рейдтер мен патрульдер жүргізді. Оның барысында азаматтармен су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері бар жадынамалар табыстай отырып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Шомылуға тыйым салынған жерлерге 82 белгі орнатылды. Адамдар көп жиналатын жерлерде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-профилактикалық материалдар таратылады.
Шомылу маусымы кезеңінде ЖҚЖ құтқарушыларымен 1 бала құтқарылды. Судағы оқиғаларға талдау нәтижесі бойынша су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып: жабдықталмаған тыйым салынған орындарда шомылу, мас күйінде шомылу, балаларды су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалдыру болып табылады.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабына сәйкес, 7 айлық есептік көрсеткіш сомасында 220 мың тг көлемінде айыппұл түрінде 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаз мезгілінде Жезқазған қаласы бойынша рұқсат етілген 5 жағажай орны жұмыс жасаған болатын. Қазіргі таңда шомылу маусымы аяқталғаннан кейін суға түсетін азаматтарға айыппұлдар салынатын болады.
Облыста төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында алдын алу іс-шаралары алдын ала басталды.
Ағымдағы жылы 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда Алтай, Зайсан және Катонқарағай ауданында 4 іс-шара орындалды.
Зайсан ауданында Шалқар ауылында 1200 м қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді, Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылында су тасқынына қарсы бөгет жөнделді.
Катонқарағай ауданында Берел ауылында Бұқтырма өзенінің түпті тереңдете отыра арнасын тазарту жұмыстары аяқталды.
Алтай ауданында ұзындығы 800 метр Соловьев ауылдық округінің Маяк ауылындағы Центральная көшесіндегі су бұрғыш арық тазартылды.
Сондай-ақ келесі іс-шаралар өткізіледі.
Глубокое ауданында Новоульбинка ауылында Кіші Үлбі өзенінде арнаны реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасы тазартылып, аспалы көпір аймағында тереңдету ұйымдастырылды. Тарханка ауылында Мехнина көшесінің ауданында жағалауның сызығы нығайтылды, бұл су тасқыны кезеңінде су деңгейі көтерілген жағдайда шайылып кетуден қорғауға мүмкіндік береді.
Алтай ауданында арналар тереңдетіліп, ұзындығы 5 мың метр Вторушка және Маслянская өзендерінің арналары тазартылады, бұталар кесіледі. Ұзындығы 100 метр Богатырево ауылында бөгет жөнделуде, Березовка өзенінің арнасы тазартылды және ұзындығы 1 мың метр Соловьево ауылының ауданында бөгет салынды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Алматы облысы ТЖД қызметшілері және құтқарушылары ПД полиция қызметкерлерімен бірлесіп Қапшағай су қоймасында, атап айтқанда қалалық коммуналдық жағажайларда түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар, атап айтқанда түнгі уақытта шомылушылар анықталды.
Аталған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес жалпы сомасы 38 мың 766 теңгеге 3 әкімшілік хаттама жасалды.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша жағажай аумағында демалушылар байқалмады.
Сонымен қатар, рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін жеткізу және жылу түсіргіштің есебінен түнде шомылушыларды анықтау үшін дрон пайдаланылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өтті. Аталған іс-шараның спикері ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дуйсен Оразгелды болды.
Өз сөзінде ол облыс аумағында жаппай демалуға арналған 45 орын белгіленгенін атап өтті. Арыс қаласы, Ордабасы, Сауран, Бәйдібек аудандарында қосымша коммуналдық жағажай ашылды. Шомылуға тыйым салынған су объектілерінде 111 орын анықталды.
Құтқару бекеттер, патрульдер жүзу құралдарымен, Александров ұштарымен, құтқару шеңберлерімен, жилеттермен, ысқырықтармен және дауыс зорайтқыш құралдарымен жабдықталған.
Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 6 мыңнан астам рейд жүргізілді, халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, 130 мыңнан астам жадынама таратылды, 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке 57 жеке тұлға және 1 жеке кәсіпкер тартылды.
Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өз күштерін қате бағалау, мас күйінде болу және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру нәтижесінде болады. Барлық адам өлімі шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелді. Соңында спикер азаматтар үшін, сондай-ақ ресми шомылу орындарының иелері үшін қауіпсіздік талаптарын жеткізді.