#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан бойынша ауаның орташа жылдық температурасының көтерілу жылдамдығы анықталды

1941-2014 жылдары (73 жылда) Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасының көтерілуі барлық маусымдарда да байқалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Жалпы алғанда Қазақстан бойынша ауаның орташа жылдық температурасының көтерілу жылдамдығы әр 10 жылда 0,27 ºС болып отырды. Ауа жылуының ең тез көтерілуі қысқа, көктемге және күзге тән болды. Ол кездері ауа температурасының көтерілуі 0,27-0,32ºС/10 жыл болды. Ал эжазда ауа температурасының көтерілу жылдамдығы аздап төмен — 0,19ºС/10 жыл болды.

— Климаттың өзгеруі неден көрінеді?

— Климаттың өзгеруі төтенше ауа райының және климаттың өзгеруінің қайталанып отыруында және оның қарқынынан көрініс табады. Қазақстан метеостансаларының басым көпшілігінде жер бетіндегі ауа температурасының жылдық ең жоғарғы мәнінің артып отыру үрдісі байқалады (күнтізбелік жылдағы тәулік бойғы ең жоғарғы мәндердің ең жоғарғы мәні).
Ауа температурасының ең жоғарғы мәні әр 10 жылда 0,001-0,4ºС-ға көтеріліп келеді, ал кей жерлерде ол 0,60ºС/10 жыл көрсеткішін құрайды. Сонымен қатар ауа температурасының жылдық ең төменгі мәні (тәулік бойындағы ең төменгі мәнінің төменгісі) де көтеріліп келеді. Ол өз кезегінде ауа температурасының жылдық амплитудасының 0,1-0,2ºС/10 жыл мәніне дейін азаю үрдісіне әкеледі, ал ол Қазақстан климатының күрт континенталдығының азайғанын көрсетіп отыр.
Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарында әр он жылда ауа температурасы +35ºС –тан асатын күндер саны 1-5-ке дейін болуында статистикалық тұрғыдан мәнді үрдіс байқалады. Республиканың барлық аумағында жылы болатын күндер толқыны 1-3 күн/10 жыл артып келеді. Жылы күндер толқыны деп кем дегенде қатар тұрған 6 күнде тәуліктің ең жоғарғы ауа температурасы әр айдағы ең жоғарғы ауа температурасының 10%-дық аралығына келетін оқиғалар қабылданады
Қазақстанның бүкіл аумағында тәулік бойындағы ең төменгі ауа температурасының 0ºС-тан төмен болатын аязды күндердің қайталануының азаю үрдісі байқалады. Аязды күндердің қайталануының қысқаруы Қазақстанның таулы жерлері мен тау бөктерлерінде байқалады – әр 10 жылда 5-6 күнге. Қалған аумақта осындай күндердің азаюы әр 10 жылға 1-4 күнді құрайды.

— Ал атмосфералық жауын мөлшерінің өзгерістері туралы айтсақ ше?

— 1941 2014 жылдар аралығында Қазақстан бойынша көктемгі, жазғы және күзгі маусымдардағы ылғал мөлшерінің азаю үрдісі әлсіздеу болды – шамамен 0,8 мм/10 жыл.
Ал қысқы кезеңде ылғал жауу арта түсуінің үрдісі 1,5 мм/10 жылды құрайды. Нәтижесінде жауын-шашынның жылдық сомасы 0,8 мм/10 жылға немесе шамамен 0,4% нормадан/10 жыл азайды.
Республика аумағында жауын-шашын мөлшерінің маусымдық өзгеріс таңбасының орналасуында теңбілдік байқалады. Жаз бен күзде Қазақстанның барлық дерлік аумағында, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерден басқа жерлерде, жауын шашын әр 10 жылда нормадан 1-7% азайып келеді. Көктемгі кезеңде жауын-шашындағы оң үрдіс Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында және теріс үдеріс қалған аумақта байқалды. Қысқы жауын-шашын болмаса, маусымдық жауын-шашындағы үрдістер статистикалық тұрғыдан шамалы ғана. Жауын-шашынның шекті мәндерінде аздаған үрдістер байқалады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көптеген метеостансаларда жылдық жауын-шашын сомасында шектен тыс ылғал үлесі артып келеді — 1-2%/10 жыл. Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашынсыз кезеңнің ұзақтығы статистикалық айтарлықтай қысқарып келеді — 1-3 дня/10 жыл. Басқаша айтқанда, осы кезеңде уақыт жағынан жауын-шашын жаууы біркелкі еместігі, нөсер жауынды кезең қуаңшылықпен алмасуы арта түсті. Жекелеген аудандарда қарқынды жауатын жауын саны арта түсті. Олар жазда топырақты айтарлықтай ылғалдай алмайды, себебі жылғалармен тез ағып кетеді және ауа температурасының жоғарылығынан тез буланып кетеді. Қазақстанның барлық дерлік аумағында жауынсыз кезеңнің ең ұзақтығы қысқарды. Ол климаттың маңызды сипаттамасы, әсіресе ауыл шаруашылығы үшін.
Топырақ бетіндегі маусымдық және жылдық ауа температурасының барлық жерде көтерілуі және жазғы ылғалдың өзгеріссіздігі немесе азаюы шөлдер мен шөлейтті жазықтықтағы климаттың құрғақшылығының артуына әкеледі. Сонымен қатар жаһандық және аймақтық климаттың жылуындағы жалпы үрдіс Қазақстан аумағында төтенше суық ауа райы болуын жоққа шығармайды. Қазір 2011-2012 жылдары қыс ерекше суық болды. 2007-2008 жылдарғы қыс та бүкіл Орталық Азияда ерекше суық болып, оның ішінде Қазақстанның оңтүстігінде де сондай болды. Бірақ одан кейін ерекше жылы көктем мен жаз келді, жалпы 2008 жыл соңғы 70 жылда Қазақстан аумағында ең жылы жаз болған он жылдыққа енді.
Осындай жағдай 2009-2010 жылдары қыста қайталанды. Ол жылдары Қазақстанның барлық солтүстік, шығыс және жартылай батыс облыстары ауа райындағы ерекше теріс ауытқулармен қамтылды. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында тым төмен ауа температуралары (нормадан 4-6ºС төмен) байқалды. Осы облыстарда орналасқан метеостансалардың басым көпшілігінің мәліметтерінше, ол қыс ең суық қысқы маусымдар қатарының 10%-на кірді. 2010 жылғы жаз республиканың барлық батыс жартысында өте ыстық болды. Онда ауа температурасы нормадан 3-5ºС жоғары болды. Осы аймақтың барлық метеостансаларының мәліметтерінше, ол жаз ең ыстық жазғы маусымның 10%-на кірді. Күз Қазақстанның барлық дерлік аумағында төтенше ыстық болды. Температура ауытқулары 2-3ºС болып, метеостансалардың басым көпшілігінің мәліметтерінше ол күз 1941 жылдан бері ең ыстық маусымдардың 10% қатарына енді.
Қазақстан аумағындағы соңғы 70 жылдағы климаттық өзгерістердің негізгі үрдістері келесідей: Қазақстан аумағының барлық жерінде ауа температурасы көтерілуі байқалады, жылдың суық кезеңінде (қараша-наурыз) – температураның көтерілуі жылы маусымға (сәуір-қазан) қарағанда едәуір; ел аумағында ауа температурасының ең жоғарғы мәні де артып отыр; Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарында ыстық күндер (35ºС-тан жоғары) саны да артып келеді; вегитациялық кезең ұзақтығы артуда; барлық жерде де аязды күндердің қайталануы азайып келеді; жаз бен күзде ылғал түсуінің азаю үрдісі байқалуда; Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше ылғал түсудің қайталануы аздап артты; климаттық зоналар солтүстікке ығысуы байқалуда, ол шөл және шөлейтті аймақтардың ұлғаюына әкеледі.

— Қазақстандықтар климат пен табиғи құбылыстар қай жаққа қарай өзгереді деп күтсе болады?

— Климат дегеніміз орташа ауа райы деген сөз, сондықтан климаттың өзгерісі мен ауа райының арасында байланыс тығыз. Бақылау көрсетіп отырғандай, ауа райының өзгерісі байқалады, ал осы ауа райының өзгерісінің статистикасы климаттың өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. Ауа райы мен климат өзара тығыз байланысты болғанымен олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Бұл ретте әдетте ауа райы мен климатты шатастырады, ғалымдардан 50 жыл алдағы климатты айта алғанда, алдағы бірнеше аптадағы ауа райын дәл айта алмайды деп сұрайды. Ауа райының өзгеруінің хаосты болуы оны бірнеше күннен көпке болжау мүмкіндігін қиындатады.
Ал атмосфера құрамының өзгеруінен немесе басқа да факторлар себебінен климаттың өзгерісін (яғни ұзақ мерзімдік орташа ауа райын) болжау – мүлдем басқа және іске асыруға болатын мәселе. Климаттың келешегін болжау Жер жүйесіндегі жылу энергиясының түпкілікті өзгерістері негізінде қалыптасады. Атап айтқанда, көмір қышқыл газы мен басқа да парниктік газдардың атмосферадағы көлеміне қарай Жер бетіне жақын жерде жылуды ұстап тұратын парниктік эффектінің қарқынының артуымен негізделеді.
Қазақстан климатының өзгеру ықтималдығының болжам үлгісін дайындау үшін жаһандық және өңірлік климат үлгілерін қолданады. Жаһандық климат үлгілері климаттың келешекте өзгерісіне болжам жасаудың, сондай-ақ байқалып отырған өзгерістерді анықтаудың ең тиімді тетігі. Ол өзгерістер климаттық жүйлердің әр түрлі компоненттері мен табиғи және антропогендік сипаттағы сыртқы әсерлердің арасындағы табиғи әсерлесуден туындайды. Үлгілердің маңызды қасиеттерінің бірі сыртқы әсерге әрекеті болып табылады (күн радиациясының ағымының өзгерісіне, жанар таулардың әрекетіне, атмосфераның газдық құрамының өзгерісіне). Олар осы әсерлерді күшейте немесе баса алатын тура және кері байланыстары бар климаттық жүйенің ішкі үрдістерімен анықталады.

Соңғы жаңалықтар