#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өндіріс орындарында өртке қарсы су құбырын пайдалану анықтамасы түсіндірілді

Adym.kz / Өндіріс ғимараттарының әртүрлі жүйелерінде қолданылатын өрт сөндіргіштердің қажетті саны келесі формуламен анықталады: мұнда, S – ғимараттың ауданы, м2; M0 – 1-кестеде келтірілген нормаланған өрт сөндіргіштердің саны.

Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштердің сипаттамалары. Өрт сөндірудің қондырғылары өрттің алғашқы сатысында, өртті сөндіру бөлімшелері келгенше, өртті оқшаулау үшін қажет. Өрт сөндірудің қондырғылары стационарлы, жартылай стационарлы және жылжымалы болып бөлінеді. Өрт сөндіру құралдарының түріне және құрамына қарай осы қондырғылар: газды (көмірқышқыл), аэрозольды, сұйық және түйіршікті болады.

Жоғары еселі ауа-механикалық көбік түзу үшін ПГП-50, ПГ-100, ГВП-20, ГВП-600 және ГВП-2000 (6-сурет) көбік генераторлары қолданылады. Көбік генераторы – иілгіш құбыр соңына орнатылған су ағынды эжекторлы аппарат. Ол тор таспалары бар металл корпустан тұрады. Көбік түзуші ауаны сору арқылы сулы ерітіндінің ағынын үлестіргіштен шашыратады. Көбік тор арқылы өткен кезде ұсақ көпіршіктерге бөлінеді. Жұмыс қысымы үлестірілу алдында 0,5 МПа, ал көбік түзу шығыны – 6 л/с. Көбік генераторының оқпан соңында, көбікті өртке түзу бағыттайтын саптама болады. Қазіргі кезде автоматты ауа-көбікті өрт сөндіргіштер қолданылады. Олар кішігірім ғимараттар мен тоннельдерде, май трансформаторлар мен реакторлардағы өрттерді сөндіруге арналған. Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші (7-сурет) оңай жанатын сұйықты сөндіру үшін қолданылады. Ол көбік түзуші қоспамен толтырылған корпустан тұрады. Өрт сөндіргіш сиымдылығы 250 л, алынатын көбік көлемі 7500 м3, ағын ұзындығы 10 м дейін, жұмыс істеу уақыты 240 с, өрт сөндіргіштің зарядымен бірге салмағы 450 кг. Жұмыс жасауы үшін, қысылған ауа толтырылған баллон қолданылады. Қысылған ауа қысымы арқылы вентиль бұралады, көбік түзгіш көбік генераторына түседі, ол саптама арқылы өрт ошағына шашыратылады.

Газды өрт сөндіру құралдарына УП-2м типті (8-сурет) өрт сөндіргіштері жатады, олар жанып жатқан қатты материалдарды, мұнай өнімдерін және электр құралдарын сөндіруге арналған. Ол арба үстіне орнатылған сиымдылығы 40л екі шойын баллоннан құралған. Баллондар комірқышқылымен (әр баллондағы көмірқышқылының қысымы 6мПа, салмағы 25 кг) толтырылған. Жұмысты бастау үшін маховикпен алдымен бірінші баллон вентилін, сосын (көмірқышқылы таусылғаннан кейін) екіншісінікін бұрау керек. Көмірқышқылы балоннан шыққанда, қысымның төмендеуі салдарынан газ күйіне өтеді, қатты суыну нәтижесінде көмірқышқылдық қар түзіледі. Өртті сөндіру әсері жанып жатқан заттын суынуы есебінен және комірқышқыл газының ауамен қосылу есебінен болады.

Бір баллон 3-3,5 м ағын ұзындығымен 120с жұмыс істейді. УП-2М жұмыс істегенде абай болу керек, себебі қолды үсітіп алу қаупі бар (бөлшектерінің температурасы -600С дейін). ЛВЖ қабаттарында түйіршіктерден көбік түзетін ПГ-50 және ПГ-100 көбік генераторлары, ал СИ-2 жылжымалы түйіршікті өрт сөндіргіштер – мұнай өнімдері мен металлоорганикалық қосылыстарды сөндіру үшін қолданылады. Стационарлы жылжымалы СЖБ-50, СЖБ-150 өрт сөндіргіштері электр құрылғыларын сөндіру үшін, сонымен бірге аэродром қызметінің өрт машиналарын біріктіру үшін қызмет етеді. Су – өрт сөндірудің кең тараған, қолайлы құралы. Оның жылу сиымдылығы (бу түзілу жылуы 539 кал/сағ), термиялық тұрақтылығы өте жоғары (1700 °С), буланғанда көлемі мәнді үлкейеді (1 кг су буланғанда 1700 л бу түзеді).

Өртті сөндіру кезінде су кешенді ағын немесе жіңішке шашыраңқы күйде қолданылады. Кешенделген су ағыны жалынды азайтып, жанып жатқан заттарды суландырады, сонымен қатар өрттің таралуына шектеу қояды. Осындай ағындар жанып жатқан бөліктерді бұзып, ұсақтайды. Жіңішке шашыраңқы ағындарда су тамшылары әр-түрлі көлемде болады, сол арқылы олардың соққылық және алысқа шашырау әсері аз болады. Бірақ сулану аймағының ауданы үлкейеді және судың жұмсалуы азаяды. Ұсақ дисперсті судың шашырауы судың аз мөлшерін қолдану және оны буға айналдыру арқылы жанған беттің тез сулануына негізделген. Шашыраңқы ағындармен жану аймағына өту мүмкін болса, жанып жатқан заттардың көп бөлігін сөндіруге болады. Суды шашыраңқы ағын түрінде пайдалану, өрт кезінде түтінді сейілту, құрылыс құрылғыларын суыту, жарылыс температурасы 45°С жоғары жанатын сұйықтарды сөндіру үшін кең қолданылады. Бірақ, судың электр өткізу қабілеті жоғары болғандықтан, оны кернеу жүріп тұрған электр құрылғыларын және өртті сөндіру кезінде сумен әрекеттесетін жанғыш заттарды (K, Na, кальций карбиді) сөндіру үшін қолданбайды.

Жабық бөлмелерде жануды тоқтату үшін, ауадағы өртті сөндіру концентрациясы көлемі жағынан 30% жақын қаныққан ысыған буды қолданады. Сумен қатты суланбайтын заттарды сөндіру кезінде суға сульфанол, сульфанат, пакалий немесе көбік түзгіштер сияқты суландырғыштарды араластырады. Судың салмағы бойынша 0,2-2% суландырғыштардың болуы, заттардың беттік керілуін 2 есе азайтып, оның өртті сөндіру қасиетін жоғарылатады. Осыдан, су шығыны 2-2,5 есе өртті сөндіру уақытымен қоса азаяды. Өртке қарсы шаруашылық су жабдығы шаруашылық – ауыз су және өндірістік қажеттіліктен басқа, тәуліктің кез-келген уақытында өртті сөндіруге ғимараттың ішінен де сыртынан да сумен көп мөлшерде қамтамасыз етілуі қажет.

Өртке қарсы су жабдығының көзі жасанды және табиғи болып бөлінеді. Табиғи көздеріне өзен, көл, теңіз, көлшіктер жатады. Оның өрт шыққан жерге жақындығы 200 м болғаны жөн. Жасанды су жабдығы – су құбырлары, жасанды су қоймалары өртке қарсы су құбырларының мөлшері бойынша төмен әрі жоғары ағынды деп бөлінеді. Төмен қысымды су құбырында ағын өрт автосорғышпен немесе мотопомпамен жасалады. Ол гидраттан суды өрт болған жерге жібереді. Осыдан бос су ағыны су құбырында әсер деңгейімен салыстырғанда 10 м-ден аз болмауы керек. Жоғары қысымды су құбырында ағын стационарлы өрт сорғыштың көмегімен құрылады. Ол тұрақты су құбыр құрылысына кіреді және сорғыш станциясының мекемесінде орналасады. Өрт болған соң сорғыш 5 мин ішінде іске қосылуы керек те, ең жоғарғы қабатқа 10 м ағынды қысыммен көтерілуі керек. Өртке қарсы су құбырының жүйелері негізінде сақиналы жабдықталады және үздіксіз су беріп тұрады. Жеке тұрған құрылыстарға ұзындығы 200 м иілген су құбырлары қолданылады.

Өртке қарсы су құбыры өзара жалғасқан шойын және электрмен дәнекерленген түтіктер арқылы байланысады. Түтіктің ішкі диаметрі: мұнда, D – түтіктің сыртқы диаметрі, мм; P – құбырдағы қысым, Па; K – жүк тиеу коэффициенті, 1,1-ге тең; R –үзілгендегі құбыр материалының қарсылығы. Магистральды құбырларға қабырға қабаты өсуі, коррозияға 10 жылға дейін 2 мм, ал одан көп мерзімге 8 мм болып қабылданады. Өрт сөндірудің өнеркәсіптік объектідегі есептелген ұзақтығы 3 сағатты құрайды, ал су шығыны өрт сөндіруге жұмсалған құрылыстың өртке қарсы бұру дәрежесіне тәуелді. Су шығыны 5-тен 40 л/с арасында болады. Гидранттар жолдарда бір-бірінен 100 м ара қашықтықта, ғимараттан 5 м, жолдан 2 м ары орналасу керек. Гидранттар мен өрттің арасы жоғары қысымды су құбыры үшін 150 м, ал төменгі су құбыры үшін 100 м-ден аспауы тиіс. Сыртқы су құбыры нүктелерін әр бөлікте 5 гидрант бөліп тұрады. Гидранттардың өздері өрт көтергіш ретінде келтіріледі. Олар су құбыры нүктесінде немесе жер астында және жер үстінде орналасады.
Өрт бағанашығы өрттің жолын және жер асты гидрантын жабуға арналған. Ол бас жағымен сыртқы қабықтан тұрады. Қабықтың төменгі бөлігінде өрт гидрантқа бағанашықты жалғау үшін өрнекті сақина болады. Өрт бағанашығының басында жалғасқан гайка, ашып жабуға арналған айналдырық және өрт гидрантын ашып, жабатын кілт болады. Өртке қарсы сорғыш шлангтар су көздерінен суды қалқалауға және спиралі бар резеңкелі бірнеше қабатты шүберектен тұрады. Сорғыш шлангтардың диаметрі сорғыш өнімділігіне тәуелді 65-125 мм құрайды. Қазіргі уақытта өнеркәсіпте капронды және резеңкелі шлангтар шығарылады. Олар 35 атмосфералы қысымға арналған. Біріктіруші сомындар, өзгерткіштер, судың сорғыштарынан оқпанға дейінгі жолын жалғастыруға арналған.

Соңғы жаңалықтар