#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өрт сөндірушілердің жұмысы шапшаңдықты талап етеді

Өрт жағдайы, жарақат алу және адам өлімі көбінесе тұрғын үй секторында орын алады. Үй иелерінің салғырттығы, жауапсыздығы өрт шығу қауіпіне себеп болады, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап.

«Қырағы болыңыздар, үйде қараусыз электроқұралдарды, қосылып тұрған газда тамақты ұмытып тастамаңыздар»- деп Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері аудан тұрғындарын ескертеді. Өйткені өрт бір үйден көршілердің үйлеріне ауып кетеді. Өрт шығу себептері әртүрлі : пештің, үтіктің, теледидардың ақаулары, отты абайсыз қолдану. Статистика бойынша ұйқыға жатарда төсекте шылым шегушілер өрт шығудың себепшісі болудан бірінші орын алады.

Кейбір адамдар осыны біле тұра сақтық жасамайды. Алкогольдің әсерінен сақтығын жоғалтып төсекте шылым шегіп, темекісін өшірмей, өртке себепші болады. Сондықтан азаматтарға өрт қауіпсіздігінің ержелерін орындамаса, салғырттық жасаса қайғылы жағдайға, материалдық шығынға апарып соғатыны туралы ойлануын ескертеміз. қауіпсіздендірмеу, электр жабдықтарын қараусыз қалтыру, отты дұрыс пайдаланбау, мас күйінде шылым шегу болып табылады. Осыған орай Іле аудандық өрт сөндіру қызметі тағы да өрттің өте қатерлі апат екенін, көбінесе оның құрбаны адамдар болатынын ерекше ескертіп айтады.

Өрт — өте қатерлі қауіп! «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!». Осы жағдайларды ескеріп Іле аудандық өрт сөндіру қызметі жеке меншік үйлердің, пәтер иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият, үлкен жауапшылықпен орындауын сұрайды. Отты пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындауын ұмытпаңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, электрөткізгіш сымдарды уақытында жөндеп тұрыңыз! Тұрмыстық электрқұралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін орындап отырыңыз! Ұмытпаңыздар — өртті сөндіргеннен гөрі, өрттің алдын ала ескертуі оңай.

Өрт сөндіру техникасы. Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

Өрт сөндіру автомобилі. Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

Өрт сөндіру депосы. Өрт сөндіру депосы (ӨСД). Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т.б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ.) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.

Өрт сөндіру кемесі (ӨСК). Кемелерде және порт аймағындағы өртті сөндіруге арналған кеме. Ол арнаулы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. ӨСК-нде суды лафеттік оқпанға айдайтын сорғы бар. Сорғы кемеқозғалтқышы немесе арнайы жетекпен жұмыс істейді. Сорғы сағатына 1000 м3-ге дейін су айдай алады. Су атқыш лафеттік оқпан кеменің тұмсық жағына не кормасына орнатылады. Лафеттік оқпандар алыстан басқарылады. ӨСК-нде көбікті от сөндіргіш заттар толтырылған ыдыстар болуы себепті танкерлер мен жағалаулардағы мұнай қоймаларында шыққан өртті сөндіруге де болады.

Өрт сөндіру сатысы. Өрт сөндіру сатысы (ӨСС). Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұзындығы 16, 30 және 45 метірге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.

Өрт сөндірушілердің бір күндік өмірі. Бала күнінде өрт сөндіруші болуды армандамаған бала кемде-кем шығар. Әдетте бұл арман  ғарышкер болу секілді бала қиялдың жетегінде қалып қояды. Дегенмен сол бала күнгі арманына жетіп, бүгінде өрт сөндіруші болып қызмет атқарып жүрген азаматтар бар. Тілсіз жау терезеңнен телмірген кезде ғана еске алатын бұл маман иелерінің күнделікті тіршілігі қалай өтеді? Жалпы өрт сөндірушілер шұғыл шақырту болмаған кезде немен айналысады?

Біз Астана қалалық №2-ші арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндеміз. Бұл бөлімнің қызметкерлері ең қиын өрт сөндіру шараларына шығатынымен ерекшеленеді. «Ең қиын» дегеніміз — халық көп жиналған ойын-сауық орталықтары, мектеп, балабақша, ауырухана секілді үлкен ғимараттар. Өрт сөндірушілердің жұмыс уақыты таңғы 8:30 да басталып, бір тәулікке созылады. Есесіне бір тәулік жұмыс істеген қызметкерге келесі үш күнде тынығып, жаңа күшпен жұмысқа келуіне рұқсат беріледі. Алайда өрт сөндірушілер бір тәулік бойы ұйқысыз қызмет ету адамның ұйқы режимін бұзып, дел-сал күйге ұшырататынын айтады.

Өз басым өрт сөндіру бөлімінен дел-сал болып жүрген қызметкерді байқаған жоқпын. Барлығының көңіл-күйлері көтеріңкі, онсыз да көп елене бермейтін маман иелері олардың кәсібіне қызығушылық танытқанымызға мәз-мейрам болып қалды. Осы тұста бөлімнен бірнеше шақырым алыстап, Астана қаласының жедел басқару орталығына ауыса тұрайық. Қаланың екі көзі болса — бұл соның бірі. Барлық төтенше жағдайларды осы мекеме анықтап, келген қоңырауларға жауап беріп, ең жақын орналасқан құтқару бөлімін жіберіп отырады. Өрт болған жағдайда да ең алғаш болып осы орталық естиді.

Соңғы жаңалықтар