#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жоғары оқу орындарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Adym.kz / Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қамтамасыз ету – бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының заңдары мен өзге де нормативтік — құқықтық актілерінің жиынтығы. Тілсіз жаудан келер қауіптің алдын алуда аталған нормаларды сақтау арқылы ғана төтенше жағдайдың алдын алуға болады.

Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, сондай — ақ өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Заңға тәуелді актілерге төмендегілер жатады: Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері; Өрт қауіпсіздігінің салалық және арнайы ережелері; Құрылыстық нормалар және ережелер; Жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістері бойынша республикалық құжаттар; Қазақстан Республикасының «өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы келесі тараулардан тұрады: Жалпы ережелер; Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік билік және жергілікті өзін- өзі басқару органдарының өкілеттіктері; ҚР өртке қарсы қызмет органдары; Өрт қызметін қамтамасыз ету; Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтар мен міндеттер; Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік.

Білім беру мекемелеріндегі өрт саны жыл сайын барлық тіркелген өрттердің жалпы санының шамамен 2% құрайды. Жалпы сандағы айқындаушы үлесті мектептердегі өрттер алады. Олардың орташа жылдық саны білім беру мекемелеріндегі барлық өрттердің 45% құрайды. Екінші орында – мектепке дейінгі мекемелердегі өрт.Үшінші орында ПТУ-дағы өрт.

Жалпы білім беру мекемелеріндегі өрттердің ең көп саны, әдетте, 4 тоқсан ішінде болады. Осы уақытта өрттердің үлесі жылдың екінші және үшінші тоқсандарымен салыстырғанда 25% — ға және бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2 еседен артық ұлғаяды.

Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер, өртке қарсы ерікті құралымдар, өрт — техникалық ғылыми-зерттеу мекемелері, уәкілетті органның білім беру ұйымдары, өрт- техникалық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар кіреді.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоішілік қызметінің міндеттері мен функциялары уәкілетті органның басшысы бекітетін ережелермен, нұсқаулықтармен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңдары өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне осы Заңға және өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін белгіленген өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін шамада қолданылады. Өртке қарсы қызмет органдарының жұмысшылары мен қызметшілерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.

Өрт қауіпсіздігі шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ өрттердің туындау себептерін талдау және олармен күресу тәжірибесі, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіптілігін бағалау негізінде әзірленеді.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы қаулысымен қадағаланады. Объектілердің өрт қауіпсіздігі төмендегі жүйелерімен қамтамасыз етіледі: өрттің алдын алу; өртке қарсы қорғау; ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар. Өрттің алдын — алу, өртке қарсы қорғау және ұйымдастыру — техникалық іс-шаралар жүйесінің құрамы шаруашылық жүргізу объектісінің функционалдық мақсаттарымен айқындалады және осы техникалық регламентте, сондай — ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарда белгіленеді.

Объектінің өрт қауіпсіздігі, егер төмендегі шарттардың бірі орындалса, қамтамасыз етілген болып саналады: осы техникалық регламентте, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарда белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде орындалды.; өрт қаупі осы техникалық регламентте белгіленген рұқсат етілген мәндерден аспайды.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қаулы талаптары бойынша тіршілік әрекетінің объектілері мен өнімі (процестері) осы техникалық регламенттің, басқа да техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Тіршілік әрекеті өнімдерінің (процестерінің) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе міндетті тәртіппен жүзеге асырылады.Осы техникалық регламенттің талаптары қолданылмайтын тыныс — тіршілік өнімдерінің (процестерінің) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін ерікті растау өтініш берушінің бастамасы және талаптары бойынша жүргізіледі. Тіршілік әрекеті өнімдерінің (үдерістерінің) сәйкестігін міндетті растау «Қазақстан Республикасында өнімнің сәйкестігін міндетті растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына сәйкес жүргізіледі және «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Оларға: Міндетті сертификаттауды жүргізу; Өнім берушінің (дайындаушының, сатушының) сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы. Өрт қаупі бар өнім, объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері мен құралдары, сондай — ақ өрт техникасы өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатады. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың функциялары, құқықтары мен міндеттері «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Тіршілік әрекеті өнімінің (процестерінің) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген схемалар бойынша жүргізіледі.

Объектінің өрт қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкестігін бағалау төмендегі нысандарға жүргізіледі: Мемлекеттік өрт бақылау; Объектіні, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйелерін қабылдау және пайдалануға беру; Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін декларациялау; Өрт қатерін тәуелсіз бағалау. Өрт қатерін тәуелсіз бағалау жолымен объектінің өрт қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкестігін бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың қолданылуы сақталады, олардың ережелері осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келеді. Техникалық регламент қолданысқа енгізілгеннен кейін оның талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтін объектілерге, өнімдерге, өнімді өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың ережелері белгіленген тәртіппен түзетілуге немесе жойылуға жатады. Іс басқармасы түзетілуге немесе жоюға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін, сондай-ақ осы жұмысты жүргізу мерзімдерін өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Оқу орнында өрттің ықтимал себептерін талдау. Кәсіпорында немесе тұрмыста өртке қарсы іс-шараларды жақсарту үшін өрттердің пайда болуының негізгі себептерін дәл білу қажет. Осылайша, алғашқы кезеңде өртті анықтауға және қорғаудың барлық әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін ең жақсы жүйе құруға болады.

Соңғы жаңалықтар