#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Минитсрлік өткен 6 айдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөнінде есеп берді

2024 жылдың 6 айының қорытындысымен «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне халықтан 2 688 520 қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Мынадай уақтылы ден қою шаралары қабылданды: өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері және Республикалық жедел-құтқару жасағы 8 604 адамды құтқарды, 60 471 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 145 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 688 адамның денесін шығарды, 37 177 рет дабыл бойынша, оның ішінде өртке 5 105, авариялық-құтқару жұмыстарына 10 750, өрт ретінде есепке алынбайтын жануға 14 533, көрінеу жалған шақыртуға 72, расталмаған жану фактілеріне 1 844, басқалары 4 873 шығу жасады;

— «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 2 840 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 1 246 адамды құтқарды, 1 023 адамды эвакуациялады, 4 225 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 798 шығу жасады, 631 адамды эвакуациялады, 1 106 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті;

— «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына ұшу жасады, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстарға 1 090, оның ішінде санитарлық авиация желісі бойынша 107 ұшу кезінде 101 науқас тасымалданды.

Бұл ретте еліміздің 10 өңірінде (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау) су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстары барысында күштермен (ТЖМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰГ, СҚА, ҰҚК, ЖАО, ұйымдар) 120 008 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 354 мүмкіндігі шектеулі адам және 45 152 бала.

Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 11 093 тексеру жүргізілді, 84 933 бұзушылық анықталды, 12 720 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 236 лауазымды тұлғаға 58 176 мың теңге айыппұл салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде 372 профилактикалық бақылау, 112 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 15 480 бұзушылық анықталды, 148 объект тоқтатылды, 36 185 мың теңге сомаға 90 әкімшілік айыппұл салынды.

Азаматтық қорғаныс бойынша 139 профилактикалық бақылау және бұрын берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша 70 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қорытынды бойынша 1 973 бұзушылық анықталды, 22 бақылау субъектісі бұрын анықталған бұзушылықтарды жойды, 48 заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік бұзушылықтыр туралы материалдар жасалды, 26 209 мың теңге сомасына айыппұлдар салынды.

Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 43 530, оның ішінде теле арналарында — 5 685, баспа басылымдарында — 9 780, радиода — 15 310, ақпараттық агенттіктер таспаларында — 12 755 баяндамалар өткізілді және материалдар жарияланды.

5 519 (-11,3%, 2023ж. — 6 221) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ мен оқиғалар тіркелді, 793 (-7,5%, 2023ж. — 857) адам зардап шекті, соның ішінде 310
(-2,2%, 2023ж. — 317) адам қаза болды, су тасқынынан болған материалдық нұқсанды есепке алмағанда, материалдық нұқсан 2 434 млн. теңгені (-98,5%, 2023ж. — 165 862 млн. тг) құрады.

Техногендік сипаттағы ТЖ жалпы ТЖ санының 92,4% құрайды, 5 098 оқиға
(-10%, 2023ж. — 5 665) тіркелген, бұл ретте 558 (+16,7%, 2023ж. — 478) адам зардап шеккен, оның ішінде 225 (+1,4%, 2023ж. — 222) адам қаза болды.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі үлесі қоныстану аумағына тұрмыстық өрттерге 92,3%, атап айтқанда 4 704 өртке (-8,2%, 2023ж. — 5 125) тиесілі, онда 340 адам зардап шекті (+5,3%, 2023г. — 323), соның ішінде 176 адам қаза болды (-2,2,%, 2023ж. — 180), материалдық нұқсан 2 204 млн. теңгені (+2,3%, 2023ж. — 967 млн. тг) құрады.

Өрттердің саны: Павлодар 35,6%-ға (2024ж. — 96, 2023ж. — 149), Қарағанды 30,7%-ға (2024ж. — 214, 2023ж. — 309), Солтүстік Қазақстан 27,9%-ға (2024ж. — 212, 2023ж. — 294), Қостанай 27,6%-ға (2024ж. — 302, 2023ж. — 417), Жетісу 25,1%-ға (2024ж. — 146, 2023ж. — 195), Абай 25,2%-ға (2024ж. — 323, 2023ж. — 432), Қызылорда 20,3%-ға (2024ж. — 181, 2023ж. — 227), Жамбыл 16,4%-ға (2024ж. — 317, 2023ж. — 379), Ұлытау 6,3%-ға (2024ж. — 90, 2023ж. — 96), Ақтөбе 5,9%-ға (2024ж. — 240, 2023ж. — 255) облыстарында азайды.

Өрттер саны: Алматы 15%-ға (2024ж. — 338, 2023ж. — 294), Атырау 10%-ға (2024ж. — 143, 2023ж. — 130), Түркістан 7,4%-ға (2024ж. — 189, 2023ж. — 176) облыстарында, Шымкент қ. 54,9%-ға (2024ж. — 127, 2023ж. — 82) Алматы қ. 23,5%-ға (2024ж. — 336, 2023ж. — 272), Астана қ. 4,7%-ға (2024ж. — 358, 2023ж. — 242) өсуі байқалды.

Өрт туындайтын негізгі объектілер: тұрғын үй қоры — 59,1%, көлік құралдары — 23,2%, сауда кәсіпорындары — 4,3%, ашық аумақтар — 2,9%, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар — 1,7%, әкімшілік-қоғамдық ғимараттар — 1,7%, қойма ғимараттары — 1,1%, салынып жатқан нысандар мен құрылыс алаңдары — 1%.

Өрттің пайда болуының таралған себептері: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын (ӨҚТ) бұзу — 50,3%, пештерді орнату және пайдалану кезінде ӨҚТ бұзу — 14,4%, отты абайсыз қолдану — 12,2%, анықталған әдейі өртеу — 4,6%, тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде ӨҚТ бұзу — 3,8%, балалардың отпен ойнауы — 1,6%.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ-ның жалпы санының 7,6%-ын құрай отырып, 421 оқиға тіркелді (-24,3%, 2023ж. — 556), бұл ретте 235 адам (-38%, 2023ж. — 379) зардап шекті, оның ішінде 85 адам қаза болды (-10,5%, 2023ж. — 95). ТЖ-ның басым бөлігі гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыстарға тиесілі 36,5% (+30,5%, 2024ж. — 154, 2023г. — 118), 9 адам зардап шегіп, 4 адам қаза болды (2023ж. — 5 адам зардап шекті).

Соңғы жаңалықтар