#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Төтенше жағ­дай­лар қызметінің мамандары балаларды қауіпті учас­­келерде суға түспеуге шақырады

Облыстық төтенше жағ­дай­лар департамен­ті аза­маттық қор­ға­ныс бас­қар­масының бастығы Бақыт Аблановтың айтуын­ша, Төтенше жағдайлар министр­лігінің тапсырмасына сәйкес Атырау облысындағы су айдындарында оқыс оқиғаларды болдырмау үшін шомылу мау­сымына дайындық іс-шарасы ұйымдастырылған, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Атырау облысының су айдындарына шомылуға әлі рұқсат берілген жоқ. Басты себеп – табиғи сипаттағы төтенше режімнің әлі де сақталуы. Облыстық төтенше жағ­дай­лар департамен­ті аза­маттық қор­ға­ныс бас­қар­масының бастығы Бақыт Аблановтың айтуын­ша, Төтенше жағдайлар министр­лігінің тапсырмасына сәйкес Атырау облысындағы су айдындарында оқыс оқиғаларды болдырмау үшін шомылу мау­сымына дайындық іс-шарасы ұйымдастырылған. Ал облыс әкімі 20 мамырда суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамта­масыз ету жоспарын бекіткен.

«Қазір облыста суға түсуге ты­йым салынған 70 қауіпті учас­­ке анық­талып отыр. Оның ішінде Атырау қаласының аумағында – 17, Индер ауданында – 10, Махамбетте – 19, Қызылқоғада – 15, Жылыойда – 7, Құрманғазы ауданында осындай 2 учаске бар. Бұл учаскелерде 238 тыйым салынған белгі мен ­9 ақпараттық стенд орнатылды», дейді Б.Абланов.

Оның айтуына қарағанда, бұл жөнінде облыс тұрғындарына бірнеше рет ескерту беріліпті. Су айдындарына күнделікті рейд жүргізіліп келеді. «Біз барша көпшілікті шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бұл тұрғындардың қауіпсізді­гін қамтамасыз ету үшін жасалды. Өңірдегі су айдындарының тереңдігіне байланысты қауіп әлі де жоғары күйде қалып отыр. Алайда соған қарамастан рұқсат етілмеген әрі арнайы жабдықталмаған тұста суға түсу азаяр емес. Тіпті суға батып жатқандар бар. Өкінішке қарай, судың құрбаны болғандардың арасында жасөспірімдер бар», деп мәлім етті Б.Абланов.

Төтеншеліктер суға батудың себебіне талдау жүргізіпті. Ста­тис­­тикалық мәліметтерге сүйен­сек, судағы жазатайым оқиғаның 95 пайызы мас күйінде шомылу, өз күшін асыра бағалау, балалар ара­­­­­­сындағы еркелік салдарынан бо­­­­­ла­тыны анықталған. Ал 5 па­­йы­зы – денсаулықтың күрт на­шар­­­ла­уынан және құрысу салдары.

«Атырау облысында суға түсу­ге рұқсат етілген 46 орын бел­гіленді. Оның бесеуі Аты­рау қаласында орналасқан. Ал Құр­манғазы ауданында – 11, Қызылқоғада – 19, Махамбетте – 9, Жылыой мен Индер ауда­нында бір-бірден суға түсу орны бар. Бірақ шомылу мау­сымына рұқсат берілмесе де суға түсетіндер кездесіп отыр. Мәселен, 1 маусымнан бері 193 рейд жүргізіліп, 67 адам жауапқа тартылды», деді Б.Абланов.

Оның мәліметінше, су айдын­дарындағы қауіпсіздік күн са­йын бақылауға алынған. Қазір Атырау қаласы мен Құрманғазы, Махамбет, Индер аудандарында құтқару стансасы бар. Бұл стансалардың әрқайсысында 9 құтқарушы жұмыс істейді. Әр стансадағы құтқарушыларға 4 қайықтан бөлінген. Бұған қоса қазір 80-ге жуық құтқарушы су айдындарындағы қауіпті саналатын 24 аумақта кезекшілік атқарып жүр.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының басшысы Әділхан Жұмалиевтің мәліметінше, кейінгі үш жылда суға батқан 43 адам қайтыс болған. Су айдындарында жантәсілім еткен­дердің 15-і – кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

«Биыл жаз мезгілі басталғалы бері облыстың су айдындарында қауіпсіздік іс-шаралары күшейтілді. Қазір өңірдегі су айдындарында «Балаларды судан қорғаңыздар» акциясы өтіп жатыр. Жергілікті құтқарушылар 8 адамды, оның ішінде 4 бала­ны құтқарып қалды. Соған қара­­мастан биыл суға батып, қайтыс болғандар аз емес», дейді Ә.Жұмалиев.

Оның айтуынша, оқыс оқи­ғаға себепкер болатын бір­неше жайт бар. Біріншіден, бұған тұрғындардың су айдын­дарындағы тыйым салын­ған тұста суға түсуі әсер етеді. Екіншіден, ата-аналар балаларды жағалауда қараусыз қалдырады. Үшіншіден, құтқарушылардың қауіпсіздікті сақтау туралы ескертуін елемейді. Төртіншіден, өз күшін асыра бағалау да өкінішке ұрындырады. Бесіншіден, кейбір тұрғындар жүзе алмаса да суға түсуге әуес­тігін тежей алмайды.

«Рұқсат етілмеген тұста шомы­лудың соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сон­дықтан, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтау үшін рейдтік іс-шараларды жиі өткізеді. Атырау облысында табиғи сипатта жарияланған төтенше жағдайға байланыс­ты суға шомылу маусымы әлі ашылған жоқ. Бірақ тұрғын­дар бұл талапқа бағынбай жүр. Жақында Көкарна және Бесікті елді мекенінің тұсында 4 жас­өспірім суға батып, қайтыс болды. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік талаптарын сақтау­ды, белгіленбеген аумақта суға түспеуді ескертеміз», деп мәлім етті Ә.Жұмалиев.

Мәселен, 1 тамызда Атырау қаласына таяу орналасқан Құр­­манғазы ауылындағы бір отба­сының екі баласы суға кетті. Ұл мен қыз күндізгі мезгілде Жайық өзеніне суға түскен. Өкінішке қарай, екеуі де судан кері шықпай, батып кеткен.

«Сол күні, 1 тамызда сағат 14.53-те екі баланың суға бат­қаны туралы хабар түсті. Құт­қа­ру­шылар оқиға орнына барып, жедел іздестіруге кірісті. Түс қайта сағат 16.20-да 2017 жылғы ұлдың мүрдесі Жайық өзені­нен табылып, жағалауға шыға­рылды», деп хабарлады депар­та­менттің қоғаммен байланыс тобы.

Жайық өзеніне батқан қызды іздеу 1-3 тамыз аралығында үздік­сіз жүргізілген. Осы күндері сүң­гуір­лер Жайық өзеніне 20 мәрте түсіп, 12-15 метр тереңге бой­ла­­ған. Су астындағы іздестіру ау­ма­ғы 6 мың шаршы метрден асқан.

«Өзенде әлі қатты ағыс бар. Су астында іздестіру жұмысына кедергі болатын бөгде заттар да көп. Мұның бәрі су астындағы көру мүмкіндігін төмендетіп, іздестіру жұмысына қиындық туғызды. Осындай себептерден суға батқан адамды табу мерзімі кешеуілдейді. Ең маңыздысы – қауіпсіздік ережесін сақтау, әсіресе балалардың су айдындарына шомылуына жол бермеу», деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Дәл сол күні Құрманғазы ауданының Х.Доспанова ауы­лында бір жасөспірімнің Шарон өзеніне батып кеткені туралы хабарланды. Суға батқан 2010 жылғы жасөспірім екені анықталды.

Тілсіз жау санатындағы суға кеткендер дерегінің жиі қай­та­лануы – өкінішті жайт. Әсіресе бір айға жетпейтін мерзімде ­6 жасөспірімнің Жайық өзеніне батып кеткені алаңдатады.

Соңғы жаңалықтар