#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

БҚО-да төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға Т4,3 млрд жұмсамақ

Батыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға Т4,3 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Облыс ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл — 2 226 566; 2024 жыл — 962 656; 2025 жыл — 359 327; 2026 жыл — 377 293; 2027 жыл — 396 158», — деп бюджет жобасында айтылған. Жалпы сома – Т4 322 000 000.

«Бюджеттік бағдарламаның негіздемесі — Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету», — деп жобада жазылған.

Мақсаты – Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Соңғы жаңалықтар