#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Үкіметте өрт қауіпті кезеңнің өту мәселесі қаралды

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өрт қауіпті кезеңнің өтуі мәселесі бойынша сөз сөйледі, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

ТЖ министрі хабарлағандай, биыл министрлік табиғи өрттерге жедел ден қоюды толығымен қайта қарады. Негізгі басымдық өрттің алдын алу мен өрт ошақтарын ерте анықтауға берілді.

Тәулік бойы өрт жағдайына мониторинг жүргізіп отыру үшін «Ертіс Орманы», «Бурабай», «Семей Орманы», «Медеу», сондай-ақ Қостанай облысы орман шаруашылықтарының бейнебақылау жүйелері ТЖМ Дағдарыс орталығына қосылған. «Орман» және «Табиғат» жүйелері қосымша біріктірілген. Сонымен қатар найзағайдың белсенділігі мен термалды нүктелер туралы мәліметтерге талдау жасау арқылы өрттің тұтануына ден қойылады. ТЖМ бөлімшелері пилотсыз ұшу аппараттары арқылы өңірлерді әуеден шолып қарап барлау жүргізеді.

ТЖМ бөлімшелерінің табиғи өрттерге жедел ден қою шараларын күшейтілді. Күштер мен құралдардың топтамасы тұрақты дайындықта, өңірлерде су ағызу құрылғылары бар 34 әуе борты қойылды.

ТЖМ күшімен 37 орман шаруашылығына күзет ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда олар 23 өртті жойып, 60-тан астам жедел шығуды жүзеге асырды.

ТЖМ бөлімшелері жоқ елді мекендерді қорғау мақсатында ерікті өрт сөндіру құралымдары мен өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары жалғасуда. Биыл 26 бекет пен 43 ерікті құрылым құрылды.

Мобильді топтар рейдтер жүргізуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда 11 мың рейд жүргізіліп, 3 мыңнан астам бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алғаш рет Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп «ОРМАН» жедел-тексеру шаралары өткізіліп, 802 тұлғаның заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды.

Жалпы алғанда оң динамика байқалады, нақтырақ айтсақ, орман өрттері 3 есеге, дала өрттері 2 есеге азайды.

ТЖМ бөлімшелері осы қарқынмен табиғи өрттерге жедел ден қоюды жалғастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар