Біріншіден балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды жүзуге үйретіңіз; екінші: Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз; үшінші: Мас күйінде шомылмаңыз; төртінші: Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан (буйки) асып кетпеңіз; бесінші: Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз; алтыншы: Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз; жетінші: Жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмау; жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз; сегізіншіден қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға түспеуіңіз қажет, дейді сала мамандары.
Осы қарапайым ережелерді ұстану Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды.