#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында «Балаларды суда қорғаңыздар!» атты акциясы өткізілуде

Жаз мезгілінде жасөспірім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы «Шардара су қоймасының» жағалауында демалушылармен акция ұйымдастырылып, өткізілуде, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Акция аясында, шомылу маусымы кезеңінде демалушылар мен балық аулаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері күндізгі және түнгі уақытта мүдделі органдардың қызметкерлерін тарта отырып рейдтік іс шаралар өткізді. Рейдтік іс-шаралар барысында демалушылармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқамалар мен әңгімелер жүргізілді.

Барлық профилактикалық іс-шаралармен қатар әкімшілік практикада жүргізіледі. Мәселен, 2024 жылдың 7 айында облыс су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 50 жеке тұлға және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері шомылу маусымының басынан бастап алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша 3176 жеке тұлғаға әкімшілік шара көрілген.

Бұл ретте, бірлескен рейдтер барысында көліктік бақылау инспекциясы ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы 1, 2, 3, 5-бөлігі бойынша 68 жеке тұлғаны кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ арнайы тұраққа анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін 1 су көлігі мен 4 қайық тұрағы.

Бұл көрсеткіштер қауіпсіздік ережелерін бұзудың азаюына және облыс су айдындарында адам өлімінің азаюына оң әсер етеді.

Мәселен, ағымдағы жылы адам өлімі санының өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға төмендеді.

Аталған акцияға 40-қа жуық қызметкерлер және 35 ерікті тартылды.

Соңғы жаңалықтар