#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Төтенше жағдайларға ден қою саласында волонтерлердің мобильді тобын құру бойынша пилоттық жоба жүзеге асуда

Қазақстан Республикасында волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде Қостанай облысы ТЖД базасында ТЖ-ға ден қою саласында волонтерлердің мобильдік тобын құру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен теориялық альпинизм негіздерін зерделеу, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар, сондай-ақ суда құтқару және суға батқан кезде алғашқы көмек көрсету дағдыларын пысықталды.

Бұл жоба волонтерлердің күтпеген жағдайларға дайындық деңгейін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.

Алған білімдері мен дағдыларының арқасында Қостанай облысының волонтерлері төтенше жағдайлар туындаған жағдайда неғұрлым сенімді және тиімді әрекет ете алады. Бұл жалпы қауіпсіздікті айтарлықтай арттырады.

Бұл жобаны Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша кеңес  волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті шеңберінде «ТЖ салдарын азайтудағы волонтерлік қоғамдастықтың рөлі» панельдік сессиясында таныстыру жоспарлануда.

Пилоттық жоба іске асырылғаннан кейін дайындық бағдарламасы волонтерлердің  ұқсас мобильді топтарын құру үшін ел өңірлеріне жіберілетін болады.

Соңғы жаңалықтар