#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Акция аясында Қызылорда облысында рейд ұйымдастырылды

«25 шілде – Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні» қарсаңында елімізде «Балаларды судан қорғаңыздар» апталық акциясы басталды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Осы акция аясында өңірде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар күшейтілуде. Жыл басынан 16 адам суға кетті, оның 10-ы бала. Ал, суға шомылу маусымында 4 бала қаза болды.

Аталмыш акция аясында қаладағы су айдындарында рейд ұйымдастырылды. Рейдтік іс-шараға ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жандос Жүгінісов пен сол басқарманың офицерлері, Қызылорда облысының Полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Тимур Досмайыл және Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары, Жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері Елболат Ахметов, «Жастар рухы — Жастар қанатының» қызметкері Ерхан Сұлтанбек және волонтёрлер қатысты.

Қатысушылар көпшілікке түсіндірме жұмысын жүргізді. Әкімшілік шараларға су айдыны ауданында құқық бұзушылық жасаған адамдар тартылды. Жалпы, бүгінгі күні белгіленбеген су айдындарында шомылатын 34 адамға әкімшілік шаралар қабылданды.

Аталмыш рейдтік іс-шараның мақсатын түсіндіру үшін БАҚ өкілдеріне арнап пресс-тур өткізілді.

Соңғы жаңалықтар