#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы облысындағы «ОРМАН» профилактикалық іс-шараларының қорытындысы бойынша есеп берілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «ОРМАН» республикалық профилактикалық іс-шараларының қорытындысы» және «Өрт қауіпсіздігі саласында жедел ден қою шарасын қолдану тақырыбында» брифинг өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары подполковник Александр Пархоменко сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың 8-14 шілде аралығында Алматы облысының орман қоры аумағында «ОРМАН» Республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Осы іс-шара шеңберінде азаматтық қорғау органдарының, жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығы инспекциясы инспекциясының қызметкерлері қатарынан құрылған мобильді топтар орман қоры аумағында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Акцияны өткізу кезеңінде барлығы 34 рейд жүзеге асырылды, 2800 азаматқа нұсқау берілді. Рейдтердің қорытындысы бойынша 553 мың 800 теңге сомасына айыппұл түрінде 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Туристік базалардың, қонақ үйлердің, демалыс үйлерінің, сауықтыру лагерлерінің иелерімен және қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша 312 ұсыным бере отырып, 8 кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, қатысушыларға өрт қауіпсіздігі саласында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі жеткізілді. Жедел ден қою шарасының түрі-бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұру. Жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 38-1-бабында баяндалған.

Мәселен, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектор, егер объектіні пайдалану (қызмет, жұмыс) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндірген жағдайда жедел ден қою шараларын қолданады, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі.

Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұруды қамтиды. Жедел ден қою шараларының қолданылу мерзімі тізбенің барлық талаптары үшін бірыңғай, яғни 60 күнтізбелік күн болып белгіленді.

Соңғы жаңалықтар