#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Елордада «ОРМАН» профилактикалық іс-шаралары жүргізілді

Астана қаласының ТЖД өрт қауіпті кезеңінің шарықтау кезеңінде орманды-дала өрттерінің және қураған шөптердің  алдын алу мақсатында  «Орман» профилактикалық шаралар өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Іс шараға жергілікті атқарушы органдар, Астана қаласының Полиция департаменті және «Астана-Орманы» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Елорданың өрт қауіпті аймақтарында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жадынамалар таратылып, ұсыныстар берілді.

ТЖД табиғаттағы жүріс-тұрыс қағидаларын еске салады. Табиғат аясына шыққан кезде, сөндірілмеген темекі, сіріңкелерді лақтырмаңыздар, аң аулауға шыққанда бықситын материалдардан жасалған оқ тығынын пайдаланбаңыздар. Алауды тек топырақ қабатына дейін тазартылған алаңға жағыңыз. Дем алатын жерден кетерде отты сумен сөндіріңіз немесе ошақтың жануы толық тоқтағанға дейін топырақ лақтырыңыз. Шыны ыдысты және сынған шыныны қалдырмаңыз. Басталған өртті сумен және ұзындығы 2 метрге дейінгі жапырақты ағаштардың бұтақтарымен сөндіріңіз немесе топырақ  лақтыруға  болады.

Соңғы жаңалықтар