#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өрт сөндіруші: Басты міндет адамдардың өмірін құтқару

«Біз үшін  әр адамның өмірі маңызды!», – дейді өрт кезінде әйел өмірін құтқарған 2-МӨСБ бөлімше командирі Бағлан Бекшенов және жүргізуші Кадыр Өмірзақов.

10 шілдеде өрт кезінде елордалық құтқарушылар 7 қабатта балконның сыртқы жағында тұрған әйелді көріп, дереу көмекке асыққан. Жедел әрекеттердің нәтижесінде 7 қабаттан алтыншы қабатқа өткізіп, құтқарылды.

АСтана қ. ТЖД 2-МӨСБ бөлімше командирі Бағлан Бекшинов азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет етеді. Оқиға орнында көмекке асыққан жүргізуші Қадыр Өмірзақов aзаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бастап қызмет етеді.

Осы құтқару операциясында ерлік көрсеткен елордалық құтқарушылар өз міндетін орындағанын және әрбір құтқарылған өмір өрт сөндірушілердің сәтті орындаған жұмысы дейді. Өзгенің өмірін сақтау үшін өз өмірін бәсекеге тігетін өрт сөндірушер қашанда кез-келген төтенше жағдаймен күресуде дайын екенін айтады.  Құтқарылған әйел өз өмірін өлімнен арашалап қалған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар