#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары бойынша брифинг өтті

2024 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Спикер болып ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов сөз сөйледі.

Спикер су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп кешенді дайындық және алдын алу жұмыстары ұйымдастырылып, жүзеге асырылатыны туралы ақпарат берді.

Үлкен үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды, осы мақсаттарға тартылған құтқару бөлімшелері қосымша қажетті құралдармен жабдықталды. Өткен жылдардағы талдау көрсеткендей, су айдындарындағы қолайсыз оқиғалардың саны азаматтардың «Қауіпсіздік мәдениеті» аталатын деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс жыл бойы жүргізіледі.

Шомылу маусымының басталуына дейін және кезеңінде өткізілген іс-шаралармен 6 млн. жуық адам, оның ішінде 1,5 млн. жуық бала қамтылды. Сонымен бірге, оқыту кезеңінде 30 400 бала жүзу дағдыларына оқытылды, бұл жұмыс жалғасын табуда. Профилактикалық іс–шаралар кешенін өткізу барысында 370 мыңнан астам көрнекі оқыту өнімдері таратылды.

Шомылуға тыйым салынған 4 598 орын анықталды, онда 5 894 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды.

Шомылу маусымының басталуымен су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштерімен 42 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеттері орнатылды.

ТЖМ, Ішкі істер және Көлік министрліктерімен бірлесіп су айдындарында адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзудың жолын кесу бағытында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзуының жолын кесу бойынша 39 853 рейдтер мен патрульдеу жүргізді. Анықталған заң бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны» 364-ші, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамағаны» 412-ші және «Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны» 440-ші баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бастап 9 мыңға жуық хаттама толтырылды. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларға әкімшілік әсер ету су айдындарындағы оқиғалардың санына жағымды әсер етеді.

Шомылу маусымының басталуымен суға батып қайтыс болғандардың 15 пайызы немесе 10 жағдай рұқсат етілген Алматы, Манғыстау, Абай, Ақтөбе және Павлодар облыстарында тіркелген, ал 85 пайызы немесе 54 жағдай рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр.

Бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар, оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады, онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары жабдықталды, оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116 спорт және туристік мақсаттарға арналған.

Жыл басынан бастап патрульдеу өткізу барысында 131 адам құтқарылды, олардың ішінде 35 бала.

Атқарылған кешенді жұмыстардың арқасында жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Дей тұрғанмен, әрбір құрғақ статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 10 жылда екі мыңнан астам адамның өмірі судан қиылып отыр.

Биылғы шомылу маусымы басталғаннан бастап (1 маусым мен 9 шілде аралығында) 70 адам суға батып кетті, оның ішінде 30 бала, 2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 76 адам суға батып кетті, оның ішінде 21 бала. Адам өлімі 8% — ға, балалар 43% — ға өсті.

Судағы адамдардың қайтыс болу жағдайлары балаларды қараусыз қалдыру, балық аулау кезінде, мас күйінде, күштерді қайта бағалау және жүзе алмау нәтижесінде.

Әрбір азамат жол жүру ережесін сақтаған сияқты, судағы жүріп тұру қағидаларында қатаң сақтауы тиіс.

Бірінші: Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды жүзуге үйретіңіз; екінші: Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз; үшінші: Мас күйде шомылмаңыз; төртінші: Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан (буйки) асып кетпеңіз; бесінші: Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз; алтыншы: Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз; жетінші: Жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмаңыз. Жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз; сегізінші: Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.

Осы қарапайым ережелерді ұстану Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды.

Соңғы жаңалықтар