#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өрт сөндірушәге ерекше шарт жағдай жасалуы қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді өрт сөндірушілерге ерекше жағдай жасалатынын айтты. Құтқарушы деген қандай мамандық? Арнайы оқу орны бар ма? Бұл сауалдарға Алматы қаласы мамандандырылған жасақтың өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Тұрғанбаев Ерсұңқар Серікқазыұлы жауап берген еді.

Қостанайдағы орман  өртінен кейін өрт сөндіруші деген мамандыққа құрмет арта түсті. Балалар құтқарушылардың оттың ортасында жүріп қаншама адамды құтқарғанын көрді. «Өскенде кім боласың?» деп сұрасаң: «Өрт сөндіруші!» – дейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді өрт сөндірушілерге ерекше жағдай жасалатынын айтты. Құтқарушы деген қандай мамандық? Арнайы оқу орны бар ма? Бұл сауалдарға Алматы қаласы мамандандырылған жасақтың өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Тұрғанбаев Ерсұңқар Серікқазыұлы жауап берген еді.

ТЕЗ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК

Бұл мамандықты өз еркіммен таңдадым. Себебі бала кезімнен әскери киімге, әскери шенге қызығып өстім. Таныс-тарымның арасында осы салада жұмыс істеп жүрген жігіттер бар. Олардың қиын әрі қызықты әңгімесін жиі еститінмін. «Осы саланы неге таңдамасқа?» деп ойландым. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келемін.

Адам физикалық, психика-лық тұрғыда мықты болғаны жөн. Табандылық та керек қасиет. Тез шешім қабылдай алса, бұл салада жұмыс істеу оңай. Өйткені, түрлі табиғи апаттар кезінде жұмыс істейді. Басынан әртүрлі жағдай өтеді. Дабыл қағылғанда өрт сөндірушілер тез әрекет етуі керек. Өйткені, өрт сөндіруші мамандығы қауіпті әрі қиын жұмыс. Ғимараттардың қабырғалары құлап кетуі мүмкін. От жалыны мен каустикалық түтін күйіп кетсе, өте қауіпті. Өрт сөндірушілер улы газдар, басқа қауіпті материалдармен байланысады. Өздерін қорғау үшін арнайы қорғаныс құралдарын киеді. Олар дені сау, епті және қатал болуы керек. Әрдайым сергек жүреді. Өте қиын өрттерді сөндіреді. Отқа оранған бөлмеден адамдарды құтқарады. Көлік апаттарына тап болған адамдарға көмек-теседі. Ағашқа өрмелеп шыққан мысыққа дейін қол созады.

Жауапкершілік ауыр

Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясы бар. Оқу орнында арнайы мамандарды дайындайды.
Көп жағдайда өрт сөндірушінің жұмысы көзге көрінбей-ді. Әрбір өрт сөндіруші өз өмірін қатерге тіге отырып, басқа адамдардың өміріне араша түседі. Адамды құтқару үшін барын салады. Жалақысы осы жұмыстарына сай болса, тіпті жақсы. Қостанайдағы орман өртінде өрт сөндірушілердің жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті.

Өрттен кейін халықтың алғысын алу үлкен мәртебе. Жұрт арқаңнан қағып: «Жарайсыңдар, жігіттер!» деген кезде одан ары жұмыс істеуге шабыт ашылады. Елге көмегің тиіп жүргенін біліп, марқайып қаласың. Өрт инспекторы ғимараттар мен құрылыстарда өрт қауіпсіздігін тексереді. Құрылысшылармен жұмыс істейді. Мектептерге барып, оқу дәрісін өткізеді. Өрттің шығу себебін анықтайтын өрт тергеушілері де бар. Олар оқиға орнынан дәлелдер жинап, куәгерлерден жауап алады.

ТЕГІН ЕМДЕЛЕСІҢ

Әрбір қалада өрт сөндіру саласының медициналық орталығы бар. Кез келген уақытта тегін медициналық көмек көрсетіледі. Өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдықтар бар. Өрт сөндіруші лауазымын, білімін асыра пайдаланып, ақша тауып жүргенін көрмедім. Еңбек демалысына толық 25 жыл еңбек өтілі болса, зейнетке шығады. Құтқару кезінде ең алдымен техникалық қауіпсіздікті ойлау керек. Өзінің және басқа адамның өмірін аман алып қалуы үшін техникалық қауіпсіздікті ескеру керек. Біздің жұмыс адам өміріне араша түсу. Ерлік жасаған кездер көп болады. Бұл міндетіміз болғандықтан аса назар аудармаймыз. Белгілі бір қауіп-қатермен бетпе-бет кездесетін жұмыс денсаулықты, жақсы физика-лық дайындықты және стреске төзімділікті қажет етеді.

Өрт сөндірушілердің көпшілігі ер адам. Бірақ  өрт туралы ғылыми кітаптарды  әйелдер жазады екен. Қыздардың жұмыс істеуіне болады. Бірақ өрт сөндіруші емес. Себебі қыз нәзік жанды. Өрт сөндіру қыздардың жұмысы деп ойламаймын. Қыздарға радиотелефонист мамандығын таңдауға кеңес беремін. Яғни, шұғыл түскен хабарламаны қабылдайды. Айтылған мекенжайға өрт сөндірушілерді жібереді. Кадр бөлімінде де  қыздарға жұмыс көп. Бұл жұмыстың мақсаты биік болса да, өрт сөндіруші мамандығы ауыр, қауіпті. Қараңғы және қалың түтінде жұмыс істейді. Кішкентай қате қиын жағдайға әкелуі мүмкін. Апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда бірінші болып келеді.

Отқа төзімді материалдан жасалған костюмдер, газ маскалары, дулыға, балта пикаксалары, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы болады. Көміртекті композициялық материалдардан жасалған шлемдер өте берік және соққыға төзімді. Шыны мен пластиктің арнайы қоспасы жоғары температурадан  қорғайды. Ауыр киімді көтеру үшін де күш керек. Арнайы жабдықталған өрт сөндіру машинасы бар.  Ол ірі көлемдегі суды тасиды. Шағын өртпен күресуге арналған портативті өрт сөндіргіштер бар.

Айына 140 000 теңге

Үй алу үшін түрлі мемле-кеттік бағдарлама бар. Құжат өткізіп, кезекке тұру керек. Мемлекеттік қызметкерлерге жеңілдік қарастырылған. Ол үшін арнайы конкурсқа қатысады. Оның уақыты ұзақ болуы мүмкін. Арнайы өрт сөндірушілерге кезектен тыс үй беру қарастырылып жатыр. Бұл дегеніміз үлкен көмек.Ай сайын алатын жалақысы – 140 000 теңге.

Қыркүйектің 6-ы күні тәуліктік нарядта кезекші бол-ғанмын. Кешке қарай Алматы қаласы, Медеу ауданындағы мекенжайда өрт шыққаны жайлы шақырту келді. Тау баурайындағы 3 гектар жердің жанғанын көрдік. Ең алдымен үйдегі адамдарды қауіпсіз жерге шығардық. Екі сағатта отты ауыздықтап үлгердік. Шүкір, зардап шеккен адам жоқ.

Мамандық таңдау жауапты сәт. Балалар болашақта кім болғысы келетінін білмейді. Әртүрлі пікірді естіп, таңдаған мамандығы туралы пікірі жиі өзгереді. Есейген сайын таңдаған мамандығы қандай жауапты екенін жақсы түсінеді. Қазір сан түрлі мамандық бар. Өзіңнің ерекшелігіңді, қабілетіңді ескеруді ұмытпа.  Өрт сөндірушілер өртті сөнді-ріп жатыр делік. Бұл бір қара-ғанда оңай сияқты. Жанып жатқан ғимаратта қамалған адамдарды құтқарады. Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді. От тілсіз жау деп бекер айтылмаған. Ол аш аң сияқты. Жолда кездескен ағаш, ғимарат, егістік – бәрін жұтып алады. Балаларым болашақта менің жолымды таңдаса, қарсылығым жоқ. Ең бастысы, өздері қызығып, жүректері қаласа болды.

(с) Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

Соңғы жаңалықтар