#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

2023 жылдың басынан бері 13,6 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 13 569 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 120,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (55,2%) Өзбекстаннан, 19,2% – Қытайдан, 9,8% – Моңғолиядан , 8,6% – Ресейден, 5% – Түрікменстаннан және 2,3% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28,4%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 36%-ы орта кәсіби білімді, 39,9%-ы жалпы орта білімді.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 1 925 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 491 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 653 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 431 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 653 адам біржолғы субсидия алды, ал 334 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда республиканың шет елдердегі мекемелері арқылы этникалық қазақтардан жаңа форматта 1 997 өтініш (663 отбасы) қабылданды.

2023 жылғы 16 тамыздағы жағдайға сәйкес қандастарды қабылдау квотасы 87%-ға, қоныс аударушыларды қабылдау бойынша 58%-ға орындалды. Мұндай деректер ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтің төрағалығымен өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшыларының қатысуымен өткен көші-қон саясаты мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.

Кеңесте сұранысқа ие кәсіптер бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту, этникалық қазақтарға «Ата жолы» картасын беру және ішкі ұтқырлық жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қоныс аударушылар бойынша жоспардың орындалуы жоғары деңгейде болса, төменгі деңгей Ұлытау облысында (28,3% деңгейінде) байқалды. Экономикалық ұтқырлық бойынша сертификаттар беруде төмен көрсеткіш Қарағанды (1 сертификат берілді) және Ақмола облыстарында (4 сертификат берілді) байқалады.

Кеңес қорытындысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ұсынды.

ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қазақ диаспорасымен және шетелдегі қандастармен өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық семинар-форумға қатысып, басқа елдердің азаматтары болып табылатын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын таныстырды.

Алматы қаласында өткен семинарға «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Ресей Федерациясының сарапшылары және басқалар қатысты.

Асқарбек Ертаев таныстырған «Ата жолы» картасы – тарихи отанымен байланысты нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ елге кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді тартуға бағытталған ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа құралы.

«Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру аясында біз шетелде табысты бизнес-кейстері бар этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібін бекіттік. Бүгінгі таңда «Ата жолы» картасын беретін этникалық қазақтардың алдын ала тізімі қалыптастырылды», – деді Комитет төрағасы.

Пленарлық сессиялар мен интерактивті пікірталастар барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы диаспораның әлеуетті үлесі мен рөліне көзқарас ұсынылды, сондай-ақ қазақ диаспорасымен және шетелдегі қандастармен коммуникациялық стратегияны одан әрі ілгерілету және пысықтау жөніндегі қадамдар әзірленді.

Соңғы жаңалықтар