#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Облыс тұрғындары мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алып, кірісін арттыруда

Ордабасы, Жетісай ауданының тұрғындары мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алып, кірістерін арттыруда, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты.

Аудан орталығы Темірлан ауылында көпбалалы отбасы аз уақытта кәсібін жүргізіп, табысын еселеп отыр.
 Жомарт Темірбеков «Бизнес-бастау» оқытуынан өтіп, сертификат алған. Мамыр айында мемлекеттен қайтарымсыз грант қаражатына кілем жуу цехына қажетті құрал-жабдықтарын алып, небәрі 2 айдың ішінде кәсібін бастаған.
 Үй жағдайында ашылған кәсіп тұтынушыларының басым бөлігі көрші ауыл тұрғындары екен.
— Қазіргі таңда отбасымызбен аудан көлемінде қызметімізді көрсетіп жатырмыз. Ұлдарым кілем жууға көмектессе, қызым тазалап, кептірілген кілемдерді қаптайды. Кілем жууға тапсырыс түскен бойда өзіміз алып кетіп, көлігімізбен уақытында жеткізудеміз. Тұтынушыларымыз қызметімізге дән риза. Осы кәсібімізді тоқтатпай, қызмет жасауды жалғастырсақ дейміз. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтіп, қосымша жұмыс күшін тартып, жаңа бағытта жұмыс жүргізуге ниеттеніп отырмын, – деді жеке кәсіпкер.
Сонымен қатар, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылының тұрғыны Гүлшат Ақмұрзаева жеке кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана. Жеті баланың тәрбиесімен бірге кәсіпкерлікті қатар алып жүрген Гүлшат кәдесый дайындап көпке үлгі көрсетіп жүр.
Кәсіпкер 2022 жылы «Бастау- Бизнес» жобасына қатысып, ерекше бизнес жобасымен қайтарымсыз грант ұтып алған. Бүгінде ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында қазақы нақышта, заманауи үлгіде кәдесыйдың мыңнан аса түрін жасап, тұтынушыларға ұсынуда.
— Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Соның бірі қайтарымсыз гранттар. Бұл іс бастаймын деп ниеттенгендер үшін үлкен қолдау. Қазіргі таңда жұмыс барысында балаларым көмектеседі. Отбасымызбен бірлесіп жасап, күніне 100-ге жуық кәдесый дайындаймыз. Қазақы нақышта дайындалған өнімге қызығып, тапсырыс берушілер қатары көп,- дейді кәсіпкер.
Жетісай қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Шохан Юсупов 23.01.2023 жылы әлеуметтік жұмыс орны бағдарламасы аясында 19 жұмысшы алып, қазіргі таңда баннерлер мен кермелі төбелерді жасап шығаруда.
 Мансап орталығы арқылы мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланған жетісайлық тұрғын «Әмре» мекемесіне аудан көлемінде тапсырыс қабылдап, жұмыс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар