«Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Отырар аудандық Мансап орталығында Павлодар облысынан 4 адамнан құралған делегация келіп, «Қуатты өңірлер- ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша Отырар ауданы тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға, Ертіс аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Мансап орталығының маманы, Селеті және Северный ауыл округі әкімдері қатысты.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындарының бар екендігін алға тартып, әсіресе дипломы бар жастарды шақырды. Жиын барысында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды айтып өтті.