#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еңбек министрлігінде елордаға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау тетігі талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласы әкімі аппараты өкілдерінің қатысуымен елордаға көші-қон ағынын реттеу және бақылау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында елордаға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар ұсыныстар қаралды.

Айта кету керек, бұл жұмыс Мемлекет басшысының Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Еңбекмині құрамына Ішкі істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ көші-қон саласындағы сарапшылар кіретін жұмыс тобын құрды.

Қазақстанда Астанаға көші-қон ағынын реттейтін заңнамаға түзетулер дайындалып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ерсаев айтты.
«Елордаға көші-қон ағыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр. Белгілі бір түзетулер жасалды, бірақ олар әлі де талқыланады. Бұл шаралар заң жобасына енгізілетін болады. Менің ойымша, қыркүйек айының ортасында алғашқы тәсілдер туралы айтылады», — деді Ерсаев брифингте.
Ол арнайы жұмыс тобы құрылғанын, инновацияларды қарау кезінде әлемдік тәжірибені қарастыратынын айтты.
Шілде айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға көші-қонды реттеу мен бақылауды күшейту қажет екенін айтты. Жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам көшіп келеді екен, ал күн сайын әртүрлі өңірлерден, соның ішінде шетелден 150 мың адам келеді.
«Мұның бәрі қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі жүктеме береді. Жағдайды бақылауға алу және көші-қон процестерін реттеу үшін тиімді қадамдар қажет. Елордаға келушілердің басым бөлігін еңбек мигранттары құрайды, әсіресе жақын маңдағы аймақтардан», — деді мемлекет басшысы.
Сарапшылардың болжамынша, елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай екі миллионға жетеді.
Қазір Қазақ­станда бұл мәселе 1997 жылы қа­былданған «Халық­тың көші-қоны туралы» Заңмен реттелуде және  2007-2015 жыл­дарға арнал­ған көші-қон саясатты тұжырым­дама­сы аясында шешімін табуда. Еліміз бүгінгі таңда этникалық миграция­ны реттеуге ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын 20 мың отбасы­ның келуіне квота қарастырылған.
Қандастардың басым бөлігі ең­бекке жа­рамды болса, келуші­лер­дің 18 жас­қа дейінгілерінің өзі 40 па­йызды құрайды. Ал зейнет жа­сын­дағылары жалпы оралман­дар­дың 5 пайызы ғана.
Отырыс барысында мигранттар құқын қорғау, еңбек рыногына қолжетімділікті қамтамасыз ету, гендерлік тендік, әлеуметтік қорғау, тұтқындау және еңбек мигрант­тарын депортациялау мәселелері жан-жақты сөз болды. Аталған шара  2009 жылғы осы мәселеге қа­тыс­ты семинардың заңды жалғасы, ал заң жобасының өзі үстіміздегі жылдың тамызына дейін қабыл­данады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар