#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Астанада «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Елордада нәтижелі еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс үш номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейде екі кезеңнен өтеді: «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер; «Өндіріс үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

Биыл конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 591 өтініш берілді. Өз кезегінде Астана қаласы бойынша 80 өтініш қабылданды, оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номинациясында – 15 өтініш, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында – 33 өтінім, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында – 32 өтінім.

Байқаудың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша елордада «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жұмыс істейтін Амангелдиновтар отбасы бірінші орынды иеленді. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында №38 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Гүлзия Иманбаева жеңіске жетті. «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша бірінші орынды «Астана-АЭК» АҚ II санатты инженері Айнұр Байбатырова иеленді.

«Жүлделі орынға ие болған азаматтар мен барша конкурсанттарымыз қоғамымызды алға жетелейтін және адами құндылықтарды бейнелейтін уақыт талабына сай замануи қайсар кейіпкерлер. Еңбекқор, талантты, алдына мақсат қоя білетін қатысушыларымызға қарап, біз олардың үлгісімен және өмірлік тәжірибесімен жігерленеміз, күш-қуат алып, болашаққа нық сеніммен қараймыз.

Егер еліміздің барлық азаматтары, әсіресе жастар, біздің конкурсқа қатысушыларымыз  сияқты еңбекқор және білімді болса, еліміздің биік белестерді бағындырары анық.

Баршаңызды келе жатқан Еңбек күнімен құттықтаймын! Әрқайсымыздың жасап жатқан еңбегіміз қоғамымыздың орнықты дамуы мен еліміздің өркендеуінің негізі болсын!» – деді жеңімпаздарды құттықтау рәсімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Байқаудың Астанамыздағы өңірлік кезеңнің жеңімпаздары алдағы күндері өтетін республикалық кезеңде елорда атынан бақтарын сынайды.  «Еңбек жолы»- 2023 лауреаттарын марапаттау салтанаты 22 қыркүйекте өтеді.

Соңғы жаңалықтар