Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 851 тексеру жүргізді, оның 434-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 417-сі жоспардан тыс тексерулер болды.
Мемлекеттік бақылаумен: 303 мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы органдардың облыстық, аудандық бөлімдері; 247 мектеп, колледждер мен балабақшалар; 69 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы; 29 дүкен; 29 сауда орталықтары, сауда үйлері мен супермаркеттер; 15 санаторий; 101 емхана, ауруханалар мен дәріханалар; 8 балалар үйі мен сәбилер үйлері; 7 халыққа қызмет көрсету орталығы; 2 банк филиалы; 6 Қазпошта және Қазақтелеком бөлімшелері; 7 ЖШС; 4 спорт ұйымы; 4 соттар; 5 кафе; 2 шаштараз; 1 кітапхана; 1 мұражай және т. б. қамтылды.
Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында қызмет көрсету сапасы бойынша бұзушылықтар анықталды, орталық басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 851 тексеру жүргізді, оның 434-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 417-сі жоспардан тыс тексерулер болды.
Мемлекеттік бақылаумен: 303 мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы органдардың облыстық, аудандық бөлімдері; 247 мектеп, колледждер мен балабақшалар; 69 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы; 29 дүкен; 29 сауда орталықтары, сауда үйлері мен супермаркеттер; 15 санаторий; 101 емхана, ауруханалар мен дәріханалар; 8 балалар үйі мен сәбилер үйлері; 7 халыққа қызмет көрсету орталығы; 2 банк филиалы; 6 Қазпошта және Қазақтелеком бөлімшелері; 7 ЖШС; 4 спорт ұйымы; 4 соттар; 5 кафе; 2 шаштараз; 1 кітапхана; 1 мұражай және т. б. қамтылды.
Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.