#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Өңір тұрғындарын МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету жұмысы жанданады

Еліміз бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту деңгейін жоғарылату межесі тұр, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша бұл көрсеткіш – 80%. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың қатысуымен өткен өңірлік штаб отырысында айтылды. Жиында халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі жобалық кеңсесінің жұмысы (алгоритмі) туралы және қала, аудан деңгейінде штаб құру мәселелері қаралды.
– Облыс, қала, аудан әкімдіктеріндегі МӘМС жүйесі бойынша жұмысшы топ (штаб) құрамын қайта жасақтау тапсырмасы берілді. Қазіргі таңда Түркістан облысының өңірлік штабы құрылды. Осыған сәйкес, халықты МӘМС жүйесіне тарту мәселесі бойынша қала, аудан деңгейінде жұмысшы топты жасақтап, штаб құру қажет. Елге сапалы медициналық көмек көрсету – маңызды міндет, – деді Бейсен Тәжібаев.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев осы саладағы түйткілдерге тоқталды.
– Бүгінгі таңда сақтандырылмағандардың санының өсуі өзекті мәселе боп отыр. Әлеуметтік сақтандыру медициналық қорының ішінде 15 санаттағы адамдар сақтандыру қорынан босатылған. Олар: 18-ге толмаған балалар, жүкті әйелдер, мүгедектер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері мемлекет тарапынан сақтандыру қорынан заңды түрде босатылған. Бүгінгі таңда жеңілдікті санатқа жататындар саны – 1398 011 адам. Олар тегін медициналық көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жүйесінде медициналық көмек ала алады, – дейді ол.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Түркістан облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты тарту мақсатында кеңінен ақпараттық насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілу қажеттігін айтты. МӘМС жүйесінің қамту көрсеткіштерін арттыру бойынша белсенді жұмыстар атқаруды тапсырды. Алдағы уақытта, барлық қала, аудан әкімдіктеріне және штаб мүшелеріне «МӘМС жүйесіне халықты тарту жөніндегі Жобалық кеңсенің жұмыс істеу алгоритмі» жолданады. Соған сәйкес, жұмыс жүргізіледі.
Айта кетейік, Халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі жобалау кеңсесінің (бұдан әрі – Жобалау кеңсесі) жұмыс істейді. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қоғамы іс-қимылын қамтамасыз етуді іске асырады. Жобалық кеңсе орталық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен құрылады.

Соңғы жаңалықтар