#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысының 4 жылдығына орай республикалық байқау өтті

Екі күн бойы еліміздің әр өңірінен келген 17 жас әнші Қазақстан композиторларының әндері мен өзі таңдаған шығарманы вокалды инструменталды ансамбль сүйемелдеуімен орындап шықты.

Фото облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Түркістан облысының 4 жылдығына орай, биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Медеу Арынбаев, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Маржан Арапбаева, Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жанар Дұғалова қазылық етті.
Бірінен бірі өткен таланттар арасында жеңімпазды анықтау қазылар алқасына да оңайға соқпады. Қазылар алқасының төрағасы Медеу Арынбаев осыны алға тартып, қатысушылардың дайындығының жоғары деңгейде болғанын, олардың ән таңдауы, дауыс техникасы, сахна шеберліктері мен жауапкершіліктері мықты екендігін атап өтті. Ал танымал композитор Бейбіт Оралұлы «Маған республикалық байқау ұнады. Қатысушылардың дені ән айтудың нағыз шеберлері деуге болады. Олар тіпті халықаралық байқауларға да тәжірибелері жететін кәсіби музыканттар екендігін дәлелдей түсті», — деді.
Байқауда бас жүлде иегері Алматы облысының қатысушысы Алмагүл Батталиева атанса, 1-орынға Дидар Абдухалық (Шымкент қаласы), Бахтияр Ақылбек (Ақтөбе облысы) лайық деп танылды. Ал 2-орынды Толғанай Пазылақын (Алматы қаласы) мен Арқас Айдарбек (Батыс Қазақстан облысы) иемденсе, 3-орын Эльвира Нургужина мен (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Асыл Жомартовқа (Маңғыстау облысы) және Ернар Амандыққа (Қызылорда облысы) бұйырды. Ал Назрин Мұса (Қарағанды облысы) мен Жанасыл Елюбаев (Ұлытау облысы) және Айдана Риза (Қостанай облысы) байқау дипломанттары атанды.
Байқау жеңімпаздарына Гран-при кубогынан бөлек, арнайы жүлделер мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...