Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов және қала әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша бірыңғай қабылдау өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Редакция таңдауы
Shymkent: Қала прокуроры тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдауға 100-ден астам азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.
Түркістан сарайында өткен бірыңғай қабылдауда аудан прокурорлары, қалалық Полиция департаментінің басшыс Қайрат Дәлбеков, аудандық полиция басқармаларының басшылары, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары да тұрғындардың мәселесін тыңдады.
Мысалы, тұрғын үй сұрап келушілерде көп. Қазір қалада тұрғын үй алу тізімінде 48 975 азамат тіркелген. Соның ішінде 1 838 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 9 634 көпбалалы отбасы, 16 839 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, 20 637 бюджеттік қызметшілер және үйі апатты жағдайда деп танылған 27 азамат бар. Қала тұрғындарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерлер тек белгіленген тәртіппен кезек арқылы үлестірілетіні түсіндірілді.
Сонымен бірге, қала прокурорына алимент өндіру туралы сот шешімдері орындалмай жатқаны туралы өтініштермен жүгініп, олардың өтініштері негізінде борышкерлерге қатысты атқару өндірістері зерделенуде.
Қала прокурорына тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру мәселесімен жүгінген азаматтарға мұндай мәселелерді шешу қала әкімінің құзіретіне кіретіні түсіндірілді.
Алдағы уақытта осындай бірыңғай қабылдау күндері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әр ай сайын қала әкімінің және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізілетінін назарларыңызға саламыз.