25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады. Бұл туралы ADYM.KZ Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған», — деп жазды Берік Уәли.