#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ДДҰ Түркістан облысындағы пандемияға қарсы іс-шараларды жоғары бағалады

Елімізде пандемия басталғалы өңір негізінен «жасыл аймақта» болды.

Елімізде пандемия басталғалы өңір негізінен «жасыл аймақта» болды. Мұндай көрсеткішке пандемияға қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен денсаулық сақтау саласын қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі нәтижесінде қол жеткізілді. ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинваль өңірдегі пандемияға қарсы жұмыстарды оң бағалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг кезінде мәлімдеді.
Атап өтейік, Түркістан облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдырғандар саны 1 миллионнан асты. Вакцина жеткілікті. 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларында коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлығы 43 мыңнан астам медициналық қызметкерге 8,4 млрд. теңге қаржылай үстемақы төленді. Жыл басынан бері коронавирус індетімен күрес шеңберінде 50 мыңға жуық медициналық қызметкерге 10,8 млрд. теңге қаржылай үстемақы төленді.
Облыс бойынша 13 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Лабораториялық зерттеулерден жалпы 1 миллионнан астам адам өтті. Жедел-жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, автопарк 96%-ға жаңарды. Сонымен қатар Түркістан қаласында қуаты 200 төсек-орынға арналған жаңа модульді аурухана пайдалануға тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар