#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Серпінде» серпіліс болмай тұр

Аталған бағадарлама оңтүстік жастарының солтүстіктегі 50 ЖОО мен колледжде тегін оқып, мамандық алу үшін қабылданған болатын. Алайда жылдан-жылға түсушілер қатары сиреп барады. 2019 жылы 5109 грант қаралып, тек 2292 жас қатысып, 45%-ға әрең жеткен. 2020 жылы “Серпінге” 5109 грант бөлінгенімен тек 979 студент ғана қабылданған. Ал биыл қаралған 5156 гранттың 2102-і ғана жабылыпты.
Жылына орташа есеппен облысымызда 30 мыңдай түлек мектеп бітіретінін ескерсек бұл көрсеткіш мардымсыз.

Өкініштісі, 2017 жылдан басталған бағдарлама бойынша мемлекет бөлген гранттар бос қалып, қаржысы игерілмей жатыр. Ал осы жобаны білмейтін қаншама жастар аудан-қалада, ауылда “аз бал алып қалдым” деп, өкінішпен қара жұмыстарда жүр. Неге біз әрқайсымыз осы бағдарлама туралы таныс-туыстарға, чаттарға, достарға таратып, 1 адамның болса да оқуға түсіп, мамандық алып шығуына көмектеспейміз?! Бұл мемлекеттің игілігін пайдаланбау. Жоо лар Қазақстанның ішінде ғой, оған баруға неге қорқады? Менімше жастарға ақыл-кеңес және ақпарат жетпейді. Әсіресе ауыл жастарына. Аудандық білім бөлімдері, жастар орталығы білім ұяларына тиісті насихат жұмыстарын жүргізбейді. Әрбір мектеп бітірушіге техникалық мамандықтар үшін 50 балдан, педагогикалық мамандықтарға 75 балдан жоғары жинап, тегін оқуға түсе алатынын дұрыстап түсіндірмейді. Ақысыз мамандық меңгеруге, жатақханада тұруға, 42 мың теңгеден стипендия алуға кім қызықпайды?!

Осы орайда бағдарлама бойынша білім беретін 50 университет пен колледжде де мәселе бар. Өзге өңірлерден келген студенттерге қамқорлық жасау, қолдау көрсету, жұмыспен қамту ісі тиісті деңгейде емес. Оқу орындарының басшылығы жергілікті кәсіпорын мен шаруашылық өкілдерін жиі шақырып, қажетті мамандар тізімін жинап, соңғы курс студенттері үшін қызметке орналасу жәрмеңкесін тұрақты жүргізу қажет. Өйткені “Серпін” бойынша бітірген 11 мыңнан астам маманның 6,5 мыңдайы яғни 60% жұмысқа орналасқан. Бірқатары туған өңірлеріне қайтып кеткен. Қысқасы, Білім және ғылым министрлігі, жергілікті білім басқармалары бағдарламаны ұтымды ұйымдастыра алмай отыр.

Келер жылы мемлекеттік грантты толық игеру үшін “жасотандық” жастардыда насихат жұмысына жұмылдыратын боламыз. Өңірдегі 900-ден астам мектепке түгел жету жоспарымыз бар.
Бағдарламаға қатысты барлық сұрақтарға жауап беретін “Серпін-Түркістан” https://t.me/joinchat/VfulIrHTGW5lNzYy каналы іске қосылды.
Тегін универ оқып, өмірлік мамандық алу үшін әрбіріміз жастарға көмектесейік. Бұл жоба арқылы Солтүстік өңірлерін лайықты еңбек күшімен қамтуға, ұлттық ұстанымдағы толқынды тудыруға, тіл, діл, рухани мәдениетін тереңдетуге күш салынады. Жастардың арасынан таяу жылдарда теріскейдің жаңашыл тұлғалары шығарына сенеміз. Ұлттық болмыстағы осы жастар ауыл, аудан, облыс басшылары, депутаттары, мықты шаруашылық пен бизнес жетекшілеріне айналған кезде солтүстіктегі көптеген мәселе өз шешімін табары анық.

Бейсен Тәжібаев,
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...