Қазақстанда 15 мыңнан аса шетелдік ресми жұмыс істейді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат — басшылар және олардың орынбасарлары (651 адам), екінші санат — құрылымдық бөлімше басшылары (3 281 адам). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатына жатады — тиісінше 7 600 адам және 410 адам.
Айта кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31 пайыз немесе 29,3 мың болды.
Бұған дейін қазақстандық әуекомпанияларда 193 шетелдік ұшқыш жұмыс істейтіні хабарланған болатын.