#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда әскери ЖОО-да курсант оқ жарақатын алды

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты сабақ кезінде оқ жарақатын алды.

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты сабақ кезінде оқ жарақатын алды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратқа байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды. 2021 жылғы 20 шілдеде Құрлық әскерлерінің Әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды. Оқ басқа курсанттың аяғына тиген», — делінген Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасындағы хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шегуші жедел түрде Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар