#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ақсудың суы Арысқа бұрылды

Бүгін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының бастамасымен, Арыс қаласы әкімдігіндегі жауапты мамандардың қоштауымен Сайрам ауданындағы Ақсу өзенінен Арыс қаласына қарай қосымша ағын су жіберіле бастады.

Бүгін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының бастамасымен, Арыс қаласы әкімдігіндегі жауапты мамандардың қоштауымен Сайрам ауданындағы Ақсу өзенінен Арыс қаласына қарай қосымша ағын су жіберіле бастады.

Сайрам ауданындағы жетекшілер мен жауапты мамандар өзара кеңесіп, келісуі нәтижесінде, арыстық диқаншыларға арнап 4 куб ағын су жіберілетін болды. Алдағы үш күн ішінде диқандардың егіс алқабына жететін су 5 тәулік бойы тоқтаусыз беріледі деп жоспарланған.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың шұғыл тапсырмасына орай, әкім орынбасары Сапар Дәрібай мен ауыл шаруашылылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Біләлбеков, Дермене ауылдық округінің әкімі Жұманәлі Кәдиев және Ақдала ауылдық округінің әкімі Берік Әбілқасымов бастаған жауапты мамандар тобы судың диқандарға дер кезінде жеткізілуін мұқият бақылауда ұстайтын болды.

Оған қоса, қала әкімі Гүлжан Мамытқызы судың діттеген жерге дер кезінде жетуіне қажет болған жағдайда әкімшіліктегі аппарат қызметкерлерін де жұмылдыру қажеттігін ескертті.

Мамандардың айтуынша, биыл қар мен жауын-шашынның аз түсуіне байланысты егіс алқабына келетін су көлемінің өзі жеткілікті деңгейде емес. Қуаңшылық күллі Қазақстанды қысып-ақ тұр. Солай десек те, жауапты мамандардың ұйытқы болуымен өзара келісе отырып, сайрамдық азаматтар жағдайға түсіністікпен қарап, өздеріне тиесілі суды бөлісіп, жәрдем беруде.

Мұндай көмекке ағыстың жоғарғы бөлігінде отырған түлкібастық ағайындар да атсалысатын болды. Үнемдеп пайдалану арқылы олар да бүгіннен бастап 2 куб суды төменгі ағысқа қарай жібере бастады. Ендеше, қиын қыстау кезеңде қол ұшын созуға атсалысқан ағайындарға арыстық диқандар атынан алғысымызды білдіреміз!

Соңғы жаңалықтар