Қазақстанда індетке шалдыққан 420 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
26 маусымдағы деректер бойынша, бүгінде елімізде 22 878 адам коронавирус инфекциясынан (21 576 КВИ+ және 1 302 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 806 пациент стационарда, 16 072 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 420 адамның жағдайы ауыр,
— 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 67 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.